Мәскеуде танымал композитор Игорь Крутой мен Димаш Құдайбергеннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Аталмыш шарада отандық орындаушыдан бөлек, оның әкесі Қанат Айтбаев та болды. Ресейлік журналистермен жүздесудегі басты мақсат, Димаштың 9 наурызда Мәскеу қаласында өтетін жеке концертінің бүге-шүгесін талқылау еді.
Игорь Крутой, композитор:
-Мы начали подготовку к «Новой волне». Мы обречены на то, чтобы удивлять. А удивлять мы можем новым материалом, хорошими номерами, замечательными аранжировками и композициями. Поэтому хотите вы или не хотите - мы будем вас удивлять.
«Бұл концерт басқа кештерден өзгерек» деген азулы Ресейлік продюсер, «Димаш Мәскеу жұртшылығын өзінің сиқырлы дауысымен таңғалдыратыны сөзсіз», - дейді. Ал әншінің өзі болса, әр кешін халық алдында тапсыратын емтиханға балады. «Елді алдау мүмкін емес» дейді ол. Крутой да оның бұл сөзін құптауда.
Димашты сұрақтың астына алған тілшілер қауымы, оның неліктен «Евровидение» байқауына Ресейдің атынан қатыспайтынын да сұраған. Өз кезегінде Отандық әнші бұл елге ықыласы мен махаббатының шексіз екенін айта келе, «Мен Қазақстанның азаматымын. Өз елімнің патриотымын. Сондықтан бұл сұрақ енді қойылмаса екен» деп жауап беріпті.
Қала берді Игорь Крутой Димаш Құдайбергенге арнап ән жазыпты. Ең қызығы сөзінің авторы – Лара Фабиан болып шықты. Одан бөлек, өнерпаз алдағы жоспарларымен де бөліскен. Ол жеке турын аяқтап болған соң, «елге оралып отбасыммен демалсам» деген ниетте. Димаштың тағы бір арманы ана тілімізде әлемдік хит жазу екен.