Сізге ұнауға тиісті емеспіз! Бұл бодипозитив ағымын ұстанушылардың ұраны. Сұлулық стандарттарымен күресуге бағытталған әлемдік тренд елімізге де келіп жетті. Мәселен, Алагөзованың «Я – пышка» туындысы соның бір дәлелі. Тіпті ондағы бас кейіпкер Назерке Назарова фильмнің арқасында артық салмағынан қысылуды қойған.
Назерке Назарова, актриса:
- Мен негізі 92 килограм болдым ең басында, кастингке қатысар алдында. Қазір 101 де 7 ғой. Шоколад көп же деді, мен бургер көп жедім, донер. Ешқандай күнәсіз, рахаттанып, әр дәмін сезініп, мынау болмайды-ау демедім.
Осылайша фэшн тақырыпты негіз еткен лента Назарованың өз дене бітіміне деген махаббатын оятқан.
Артық салмақ актриса Дариға Бадықованың мансабына да оң әсерін тигізген. Нұрлан Қоянбаевтың «Қазақша бизнес» картинасы арқылы танылған ол, «менікіндей образ отандық кинода жоқ», - дейді.
Дариға Бадықова, актриса:
56-21 кинодағы имиджім осындай менің типажым. Сосын мен всегда айтамын и болады да деп сенемін. Менің жасым келген сайын жолым болғыш актрисалардың қатарына енемін. Өйткені менде типаж осындай.
Әр адамды өз-өзін сүюге шақырған «бодипозитив» ағымын отандық сәнгерлер де қолдап жатыр. Мәселен, Жарқын Баймаханов өткен жылы сахнаға әдеттегі стандартқа сай келмейтін сәнбикелерді шығарған еді. Ерек модельдер арасында әнші Жанар Айжанова да болды.
Жанар Айжанова, әнші:
–Мен Жарқынмен неше жылдан бері өзіміздің проектімізде жұмыс істеп келе жатырмын. Менің киім жағынан стилистім, сосын осы жолы арнайы қолқа салған, Жанар апай мен арнайы сізге көйлек тігем деп.
Ал әр көрсетілімін үлкен шоуға анйалдыратын Леонид Жеребцов болса, толық бикештерді бөліп жармай, арнайы топтама әзірлеуге ниетті екенін айтады.
Леонид Жеребцов, дизайнер
-Ты не поверишь... Сіздер сенбессіздер, бірақ менің келесі топтамам толық аруларға арналмақ. Кез келген әйел, кез келген киімде, мейлі арық, мейлі толық болсын сұлу болуы тиіс.
Дизайнердің бұл бастамасы халықтың оң ықыласына бөленуі тиіс! Себебі, кезінде артық салмақты аруларға арнап іш киім тіккен Рианна бүгінде сұраныста. Одан бөлек, әлемдік шоу-бизнесте әнші Лизо да, «бодипозитивті» дәріптеу арқылы көптің сүйіктісіне айналған жайы бар.