Билли Айлиштың құпиясы қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Билли Айлиш бүкіл әлемдік музыкалық чарттарда көш бастап жүрген әншілердің бірі. Жақында ғана «Оскар» марапатында Beatles тобының «Yesterday» әнін орындаған ол, сахнада қатты қолбалжып, өзін жайсыз сезінгенін айтып таңқалдырды. «Бәрі мақтап жатты. Бірақ орындауым өз көңілімнен шықпады» дейді ол. Қала берді әнші, орын алған келеңсіздікке бас қатырмайтынын, өйткені ол жерде өзінің аудиториясы болмағанын жеткізген.

Джастин Бибер соңғы кездері жанкүйерлеріне жан сырын ақтарып, көп шындығын жария етіп жүр. Мәселен, Хейли Болдуинмен шаңырақ көтергенге дейін, әнші қазіргі жарына адал бола алмағанын және оны өзінен еш жасырмағанын айтып сұқбат берді. Джастин бұл қылығын сол кездегі күйзеліспен түсіндірген.

Джессика Симпсон арықтау жолында тап болған қиындықтарын айтып «Stellar» журналына сұқбат берген. 39 жастағы әнші: «Май басқан қарнымды, көгеріп кеткенше шымшып тастайтынмын. Мүсінім мінсіз болу үшін дәрілер ішіп, ауруханаға түсіп қалған кездерім де аз болмады», - дейді. Джессика өміріндегі бар ауырпалықты көктем айларының бірінде оқырманға жол тартатын, өзінің автобиографиялық кітабына жазып шығыпты.