Динара Сұлтан 6-шы сәбиін дүниеге әкелді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Сүйінші! Динара Сұлтан 6-шы сәбиін дүниеге әкелді. Атұстардың есімі әзірге белгісіз. «Адамнан адам шығу оңай емес», - деп жазба қалдырған өнерпазды қазнет қолданушылары жарыса құттықтауда. Ендеше, біз де сәбидің бауы берік болсын дейміз!

Димаш Құдайберген болса, сахнаға мотоциклмен бір-ақ шығып, жанкүйерлерін таңқалтты! Дәл осындай ерек көрініс әншінің Краснодар қаласындағы «Арнау» кеші аясында орын алды. 7 500 адамды лық тортылған бұл концертке билеттер бірнеше апта бұрын сатылып кеткен көрінеді. Еске салақ, Димаштың Рейсейден басталған турнесі әлемнің өзге елдерінде жалғаспақ.

Алмас Кішкенбаев екінші рет үйленбек пе? Көптен бері ел көзінен көрінбей кеткен өнерпаз инстаграмдағы парақшасына мынадай жазба қалдырып, елді елең еткізді. Жеке өміріндегі өзгерістерден осылайша хабар берген Кішкенбаевты көпшілік екінші рет үйленбекші десе, енді бір жанкүйерлері «бірінші әйелімен қосылса екен» деген ниет білдірген. Естеріңізде болса, әнші алғашқы некесінің ойраны шыққан соң, депрессияға ұшырап, тіпті ащысуға жақын болғанын да мойындаған еді.