Баян Алагөзова феминистік бастама көтерді! Продюсер елімізде әйелдер мен ерлердің құқығы тең болуын талап етеді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Батыста белең алған «феминизм» елімізде де трендке айналып келе жатқандай! Еске салсақ, бұл қозғалыстың басты идеясы - қоғамның бүкіл саласында әйелдерге еркектермен тең мүмкіншіліктерді орнату. Осы орайда, отандық шоу-бизнес өкілдері арасынан Баян Алагөзова бикештер мен жігіттердің құқықтарының тең болуын талап етіп, ерек бастама көтерді.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Мен феминизм туралы жиі сөз етемін. Көбісі мұны ерлерді жек көру деп қабылдайды. Алайда, «Фемида» сөзінің өзі гректің әдлеттілік құдайы ұғымынан алынған. Демек, әйелдер мен еркектердің құқығы тең болуы керек.

Алайда, нәзік жандылардың игілігі үшін, маңызды мәлімдеме жасаған Мақсатқызын өнердегі әрпістестері қолдауға асықпайды. Тіпті, олардың арасында атышулы продюсерге қарсылық білдіргендер де бар.

Зарина Омарова, әнші:

- Қазіргі уақытта әйел адам билейтін заман болған сияқты, негізінде. Қазір әйелдер енді орынды біліп жүру керек деп есептеймін.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

– Қалай біз феминистка боламыз десеміз де, біз бола алмаймыз. Өйткені, қазақта тек қана ер адам билейді.

Тіпті, сыртынан мықты, тәуелсіз көрінетін Айжан Нұрмағамбетованың өзі «феминизмге» қатысты пікірімен таңқалдырды.

Айжан Нұрмағамбетова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі

– Қазіргі келе жатқан феминизм, ол деген бала таппаймын, тұрмысқа шықпаймын деген, өздері білсін. Өздері білсін. Мен ол жағынан емес, мен бірінші айтқан феминизм жағынан қанша жақсы болса да, өз азаматыма мен сондаймын мен ондаймын демейм. Ол деген батылдық. Сол батылдықты тілеймін, әйелдерге.

Осылайша, Нұрмағамбетова әйелдің ерінің алдында мықтымын деп, кеудесін кермеуін нағыз батылдыққа балайды.

Баян Алагөзова, продюсер:

– Бізде тіпті менталды тұрғыда, феминизмге дайын емес. Тіпті, әйелдер өздерін ерлерден бір сатыға төмен санайды. Айлайда, бүкіл өркениетті елде әйелдердің құқығы ерлермен бірдей. Қазақстан да демократиялы ел ретінде сол тізімге кіруі тиіс.

Баянның бұл бастамасы отандық өнер өкілдері арасынан қолдау таппағанымен, продюсерді шетелдік әріптестері жақсы түсінері анық. Еске салсақ, Риз Уизерспун, Эмма Уотсон, Мадонна мен Бейонсе бастаған жұлдыздар баяғыда-ақ «феминистер» қатарында.