Нью-Йорктың ізін ала, Лондон қаласында сән апталығы өз шымылдығын түрді! Фэшн уикте ең бірінші Виктория Бекхэм су жаңа коллекциясын ұсынған еді.
Көпке үлгі бола алған бикештің топтамасын тамашалауға келген қонақтың қарасы мол! Алайда шарадағы басты мейман – бәз-баяғыша дизайнердің ет жақындары. Әдеттегі дәстүр бойынша, отағасы Дэвид, ұлдары Бруклин, Ромео, Круз және кенже қызы Харпермен сән көрсетілімінің алдыңғы қатарында отырды.
Алайда, Викторияны қолдауға келген жұлдызды жанұяның өкілдері бұл ғана емес! Фэшн кешке Дэвид анасы Джеки Адамс пен енесі Сандра Уэстті ерте келген еді. Қос құдағиға су жаңа топтама ұнағандай!
Ал кезекті коллекцияға келер болсақ, онда оғаш көрінген дүние болмады. Сәнбикелер де, киімдер де, подиум да классикалық жанрда. Қысқасы, топтама өзіндік қолтаңба қалыптастырған Victoria Beckham брендінің стиліне сай. Үлгілердегі жалғыз жаңашылдық – биік әрі жуан тақалы былғары етіктер. Ал Викторияның бұл ұсынысы, көп ұзамай трендтке айналары сөзсіз.