Q-pop өкілдерінен тосын жаңалық! C.C.TAY бұдан-былай бұл бағытта ән салмауы мүмкін! Әнші музыкалық бағытын өзгертуді ойлап жүр. Одан бөлек, өнерпаз халықаралық конкурстарға қатысып, өзінің бағын сынап көрмек.
C.C.TAY, әнші:
- Халықаралық байқауға дайындық үстіндемін. Жаңалықтар жалпы бар, негізінде көбісі біледі «Түсімде көремін» деген үнтаспамды шығарған болатынмын дебьютық және де жаңа шығатын әндер мүлдем басқаша. Яғни «түсімде көремінде» мелодияға толы әндерден мүлдем басқаша стильге көшіп жатырмын десем де болады.
Әзірге әнші дәл қай конкурсқа қатысатынын құпияда ұстауды жөн көрді. Есесіне, Мэдмендықтар ішіндегісін бұғып қалмақ емес. Жігіттер шығармашылығындағы жаңалықтарын тізіп берді.
«MadMen» тобы:
- 2020 жылға жоспарлар көп. Оның біріншісі, әрине альбом, бейнетаспа кішігрім. EP мнин альбом. Енді ғана жазылу үстінде. Жалпы ішінде 5 трек болады. Барлығы жаңа тректер. Сондықтан да асыға күтесіздер деген ойдамын және де осы жылы бейнебаян және де үлкен тур жасауға, ұйымдастыруға деген ниетіміз бар.
Ал Ayree q-pop тағы әріптестері сынды жеке шығармашылығын ойлайтын күйде емес! Өнерпаз шәкірт тәбриелеуді қолға алған-ды. Алғашында Бағым Мұхитдинованың вокал студиясында сабақ беріп жүрген ол, енді өзінің өнер мектебін ашқан.
Ayree, әнші:
- Осы жылы мен өзімнің жеке вокалдық мектебімді аштым. Жлапы қалай атйсам, менің армандарымның бірі орындалды деп есептеймін. Қатты ұнайды өзіме шәкірттерді тәрбиелеу. *00:50 Әрине Бағым апайда да жұмыс жасаған кезде, менде жауапкершілік болды, сондықтан ешқандай бір бөлген жоқпын.
«EQ» тобы да болса, ерек мәлімдеме жасап, таңқалдырды! Жігіттер енді көбіне орыс тілінде ән шырқаймыз деп отыр.
«EQ» тобы:
- Жалпылап айтқанда музыкада тіл жоқ қой. Сондықтан да біз әр түрлі, тілдерде эксперименттер жасап жатырмыз. Егер біздің ойлап жатқан әндеріміз, бізде тағы да адамдар бар ғой бізбен бірге солардың көңілінен шықса біз көрсетеміз орысша тілде. Йоу, B.I.B күтіңіздер алдағы уақытта көп жаңалық! 2020 наш наш!