Еш монтажсыз, шынайы! НТК арнасының су жаңа интернет жобасы жарық көрмек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүкпесіз, боямасыз, шынайы! НТК-ның су жаңа #БЕЗМОНТАЖА атты интернет жобасы жарық көрмек. Сүйікті арна дәл осылай желіде жиі отыратын көрерменіне жақындай түспек. Тың фортаттағы бұл бағдарламаның тізгіні танымал тележүргізуші Әділ Лиянға тапсырылды.

Әділ Лиян, жүргізуші:

- Бағдарламаның ерекшелігі – сұхбат монтаждалмайды. Яғни, мұнда барлығы шынайы, қызықты, эмоцияға толы. Жобаның басты мақсаты – адамдар оны көріп болған соң, жақсы жаққа өзгеруге талпындыру. Көрерменге шабыт сыйлау.

Сыр-сұхбатқа құрылған бұл бағдарламаның кейіпкерлері тек шоу-бизнес өкілдері ғана емес. Өз ісімен өзгелерге өнеге болып жүрген, өмірі қызыққа толы тұлғалар студияның қонағы атана алады. Ал бағдарламаның бірінші мейманы Луина болды.

Луина, әнші:

– Әділмен сұхбат жүргізу оңай, бірақ қорқынышты. Себебі ол, өз ісінің маманы. Жобаның алғашқы қонағы болғаныма қуаныштымын. Әділ мені құрбысы болғаны үшін емес, менің өзім қызықты болғаным үшін шақырды дегім келеді.

Тіпті Әділ Лиянның кей сұрағы әншіні тығырыққа тіреген көрінеді. Луина тележүргізушінің дәл қай сауалына жауап беруден жалтарды? Мұны 14-ші ақпан біле алмақпыз. Ыстығы басылмаған су жаңа жоба НТК арнасының ютуб каналында жарық көреді. Қапы қалмаңыз!