Энрике Иглесиас пен Анна Курникова үшінші рет ата-ана атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл жақсы жаңалықты Батыстық БАҚ-қа әншінің ағасы Хулио Иглесиас-кіші таратқан. Энрикенің өзі болса сәбиінің жынысын айтудан түбегейлі бас тартыпты. Ал Аннаның жүктілігі жайлы екі апта бұрын белгілі болған еді. Негізінен Энрике әулеті мен отбасы жайлы мүлде тіс жарып айта бермейді. Тіпті, суреттерін де желіге сирек жүктейтін оған, сұқбат барысында жанұясы жайлы сауал қойылса, орнынан тұрып кетуі әбден мүмкін.

Каролина Херрера Нью-Йорк сән апталығында жаңа топтамасын ұсынды! Ол коллекциясын «212 NEW YORK PILLS» деп атаған. Түстерді құбылтып, маталарға жан бітірген сәнгердің луктары: көктем, жаз, қыс, күз мезгілдерін түгел қамтыған. Қала берді, көйлектер мен жейделерден бөлек, ол кеште ерлерге және әйелдерге арналған дәрумен дәрі пішіндес әтірлер ел назарына ұсынылған. Дисней ханшайымдарын еске түсіретін, кең қоңды киімдердің басым бөлігі, шара бітісімен таласқа түсіп, сатылып кетіпті.

Тиматидың 24 жастағы жары Анастасия Решетова осыдан үш ай бұрын ана атанған еді. Оның мүсіні мен сымбаты елдің жіті назарында болғаны да жасырын емес! Бірақ сылқым аз уақытта пошымын ретке келтіріп қана қоймай, бұрынғыдан да ажарлана түскендей. Бұған келесі суреттер дәлел.

Анастасия бұл фотоларды инстаграм желісіне жүктеген. Оны көрген оқырмандары Настяның құлпырып кеткенін айтып, жақсы тілектерін жаппай жаудыруда.