Таяуда отау құрған Тәуекел Мүсілімнің жары енесі мен тіл табыса алмай жүргені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Таяуда ғана шаңырақ көтерген Тәуекел Мүсілімнің жеке өмірі бүгінде жұрт назарында! 24 жастағы Махаббат Түктібаева есімді аруды жар етіп алған актер некесін құпия түрде кестіріп, көпшілікті біраз таңқалдырған еді. Мүсілімнің айтуынша, Махаббат оның жүрегін бірден жаулап алған.

Нұрсұлтан Есжан, @nursultan_yeszhan, тележүргізуші:

Тәуекел Мүсілім, актер:

  • Махаббатыңның есімі Махаббат қой.
  • Ия.
  • Жақсы. Махаббаттың айтуынша, түсірілімдердің бірінде жолыққан екенсіңдер және сен бірден номерін сұратқан екенсің. Солай болды ма таныстықтарың?
  • Дәл солай болды. Махаббатты сол түсірілім алаңында көрдім. Бірден жаңағы, жылу тарттым өзіме жақын тарттым.
  • Несімен баурап алды?
  • Енді көзқарасы, адамға деген жаңағы сөйлеген кезде тура көзге қарап сөйлей алмай, кішкене ұялшақтайды. Соның бәрі ұнады. Сол бірден іштен сездім өте жақсы, тәрбиелі қыз екенін.
  • Бір көргеннен махаббат болды ма, әлде олай емес па?
  • Енді бір көргеннен махаббат болды деп айтпаймын, дегенмен қызығушылық болды. Сонымен, жаңағы кастинг шақырған балдардан жаңағы сұрап, номері бар ма деп сұрағам. Иә бар деді, оны олай болса бересіңдер ғой деп. Махаббаттың өзіне баруға батылым жетпеді. Енді бұрынғыдай жас емессің деген сияқты. Мүмкін бетіңді қайтарып жіберсе одан сайын позор боласың.

Қарым-қатынастарына ұзақ уақыт болмаса да, Тәуекел Махаббатқа үйлену туралы ұсынысты бірден жасапты. Медицина мамандығы бойынша білім алып жатқан арудың, өнер әлеміне еш қатысы жоқ. Десе де, бикеш өзін сәнбикелік қырынан байқап көріп, бос уақытында визажист болып жұмыс істейді.

Тәуекел Мүсілім, актер:

  • Тәуекел білуімше қазір мамаң мен Махаббат, бәрің бір шаңырақ астында тұрып жатсыңдар. Ене мен келіңнің қарым-қатынасы қалай?
  • Енді оны мен шыны керек айта алмаймын нақты, қалай екенін. Барынша егер өз жағымнан айтатын болсам, мен жаңағы Махаббатқа да ешқандай бір қысым болмаса, бір ыңғайсыз болмасын деген сияқты. Әйтеуір екі жақты жүрмін ғой. Анамда көңілі тоқ болсын, Махаббаттың да көңілі тоқ болсын.
  • Көпірмін дейсің ғой?
  • Иә, екеуінің арасында сол жақындатайын деген немен жұмыс жасап жатырмын.
  • Жалпы қарым-қатынас жақсы ғой.
  • Жақсы шүкір.

32 жасында бойдақтықпен қош айтысқан Тәуекел, жар болатын жанды ұзақ іздедім деп отыр. Махаббатын кездестірген актер, енді әке атануға да дайын көрінеді.

Тәуекел Мүсілім, актер:

  • Әке атануға дайынмын деп ойлаймын.
  • Қалайсың?
  • Қалаймын. Күтіп жатырмын. Күтіп жатырмын дегенде, қалай әлі әрекет жасаған жоқпыз.
  • Неге? Келінді түсіргелі біраз болды ғой.
  • Той болсын, тойдан кейін деп жатырмыз. Өйткені адам деген көпшілік басқаша түсініп қалуы мүмкін да.
  • Әрине.
  • 9 айды санайтындар бар ғой тойдан кейін. Мына айда өтті неге тоғыз ай емес деген сияқты. Сол себептен бізде асыққымыз келмейді.

Бәрі өзі уақытымен деген Тәуекел үйлену тойының дайындығына қызу кірісіп кеткен. Актер көптен күткен салтанатты рәсімді дүркірете атап өтпек ниетте.

Тәуекел Мүсілім, актер:

  • Той қашан болады?
  • Той бұйырса жаз айында. Қазір маусым айында деп ойлап жатырмыз. Күнін нақты белгілеген жоқпыз. Адам санын санадық.
  • Осында ғой Алматыда?
  • Алматыда болады. 400-ден аса адам болады бұйырса. Соған қатысты енді тойхана іздейміз енді қазір.