Серік Ибрагимов жаңа бейнебаян таспалады. Басты кейіпкер өзінің ата-анасы.

Сообщить о проблеме с эфиром

Серік Ибрагимовтан жаңа бейнебаян! «Әкем-анашым» деп аталатын кезекті клипіне әнші жігіт басты актерларды іздеп әуре болмаған. Туындыда оның ата-анасы төбе көрсетпек. Түсірілімі үш күнге созылған клиптен, сондай-ақ Сәкен Майғазиев, Алашұлы тобының әншісі Мақсат Рахметті де байқауға болады.

Экс-Кешьюлік Элизат Берікова екінші рет ана атанбақ. Желіде мынадай суретін жариялап, елден сүйінші сұраған өнерпазды оқырмандары жарыса құттықтауда. Ал әншінің айтуынша, бұл жаңалықты жолдасы екеуі де күтпеген. Жүктіліктің 4-ші айын өткізіп жатқан Берікова ханымды біз де құттықтаймыз.

Батыр Байназаровтың сүйікті жары керісінше, аналық қызметінен аздап шаршап жүр! Үлкен сахнаны асүй мен бесікке алмастырған сылқым депрессияға ұшырапты. Бұл жайында экс-Аюмилік Әсел желіде жазып, ағынан жарылды. Күнделікті күйбең тіршіліктен жалықтым деген Байназаровтың жары бұл шырмаудан шығуға жақындарым жәрдемдесті дейді.