Лотерея ойынын ұйымдастыру туралы жаңа заңға қатысты жұлдыздардың пікірі қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Ұлттық лотерея операторынан лицензия алмай, инстаграмда көлігін, пәтерін ұтысқа тіккен азаматтар енді жазаланады» деген мәлімдеме жасады. Ұтыс ойындарын ұйымдастырғыш әртістер қауымы да бұл жаңалыққа қатысты өз пікірлерін білдірді. Мәселен, Тамар Асар ондай лотерея жасаудан аулақ екенін айтады.

Тамара Асар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

- Бұл не деген батпан құйрық, далада жатқан құйрық деп. Өзіме өзім түсінбедім. Одан мен қомақты байып кете қоймайтын шығармын.

Алайда, әншінің өзі де парақшасында оқырмандарына арнап, түрлі конкурстар ұйымдастырады. «Бірақ ол, қалтаны қалыңдату емес, өзімнің дөңгелетіп отырған кәсібімді жарнамалау» дейді әнші.

Тамара Асар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

- Себебі біздің парақшамыз бар, сол парақшаны кеңірек жария қылу мақсатында және самаурындардың жақсы сатылуына байланысты.

Ал кәсібі болмаса да, желіде жарыс жасауды нәпақа қылып отырған апалы-сіңлілі Нұрсейітовалар лотереялар мен гивтар мол пайдаға кенелудің жақсы жолы деп отыр.

Әсем Нұрсейітова, дизайнер:

- Сосын міндетті түрде тапқанымызды бөлеміз төртке әпкелі-сіңлілі болған соң бәрі риза болады, өйткені біз бергенін ала береміз

Тәуекел Мүсілім болса, күдік тудыратын кез келген ойын мен лотереяға қарсы. «Ат басындай алтын берсе де, ондай дүниені жарнамаламаймын» деген актер, әріптестерін қара халықтың қалтасын қақпауға шақырады. Ол жаңадан қабылданған заңды қос қолдап қолдайтынын жеткізді.

Тәуекел Мүслім, актер:

– Мен дұрыс қараймын бұндай заңға және барынша қолдаймын өйткені бұл лотереяның көбею себебі де бекерден бекер емес. Демек ұйымдастырып жатқан адамдар содан бір пайдасын көріп отыр.

Мәселен 5000 адам, эконом-санаттағы 3 көлік ұтысқа қойылған 10 000 теңгелік лотереяға қатысар болса, жалпы соммасы 50 миллион теңге жиналады. Әр автоның бағасы 3 миллионнан болғанда да, 41 миллион теңге пайда қалады. Бұл жәй ғана арифметика...