Елге алдымен күлкілі вайндары арқылы танылған Хаким Мукарам бүгінде үлкен сұранысқа ие блогер әрі актерлардың бірі. Ол қысқа скетчтерден бөлек, инстаграмға арнап телехикая түсірген алғашқы вайнер.
Хаким Мукарам, вайнер:
– Сценарист, идея авторы өзім. Қасымда Асылбек Шауалиев деген дос балам бар. Бірге жаздық.
Хакимның 10 бөлімнен тұратын «Любовь на районе» атты сериалына біршама жұлдыздар түскен. «ММА» жұлдызы Жалғас Жұмағұлов бастаған танымалдар арасында: Санжар Мәдиев, Бибігүл Ақтан, Асқар Ілиясов, Айым Сейітметова сынды актерлар да бар. Инста-телехикая 4 аптаның ішінде 1 миллинон 200 мыңға жуық қаралым жинап үлгерді. Бірақ Мукарам-тегінің түбегейлі кино саласына бет бұратын ойы жоқ.
Хаким Мукарам, вайнер:
– Жоқ-жоқ. Сериалға кету это ну... Я не знаю лучше творчестваға кету в целом. Осы жылы бір фильм жасағым келеді. Алдыңғы жылы сериал жасағым келді. Келесі жылы білмеймін. Может художником стану.
Талай арудың жүрегін жаулап үлгерген ол жеке өміріне қатысты сұрақтардан жалтарады. Желіде Мария Мюллер атты аруға қосақтап жатқан жанкүйерлері көп. Бірақ Хакимның жауабы қысқа болды.
Хаким Мукарам, вайнер:
– Жаулаған ару көп. Бірақ полностью жаулаған ару жоқ.
Еске салсақ, өнер жолын вайнерліктен бастап, кино түсіруге кіріскен жалғыз Хаким Мукарам емес. Желі арқылы атағы аспандағандардың арасында Нұрлан Батыров, Анар Батырхан сынды мықтылар да бар.