Роберт Паттинсон әлемдегі ең сымбатты сері! Британдық ғалымдар дәл осындай тоқтамға келді. Еске салсақ, пластикалық хирург Джулиан Де Сильва бірнеше жылдан бері жаһандағы көрікті жігітті анықтау үшін тәжірибие жасап келген еді. Ол үшін дәрігер «алтын қима» теориясы бойынша жаңа технологиялардың көмегімен «мінсіз келбет» сызбасы мен шынайы адамдардың түр-әлпетін салыстырды. Осылайша, Роберт Паттинсон сұлулық стандарттарына сай екені анықталды.
Алайда, «көріктілер» тізімінен табылған жалғыз Паттинсон емес. Мәселен, Генри Кавиллдің бет-әлпеті де британдық ғалымдар қойған талапқа толықтай сай. Тіпті, актердің ерні 97 пайызға мінсіз саналады. Ал, Кавильден тек бір-ақ пайызбен артта қалған Бредли Купер сымбаттылар үштігін тұйықтап тұр.
«Голливудтың серісі» атанған Брэд Питтің бет-әлпетінің пішіні болса, 90 пайызға сұлулық стандарттарына сай келеді. «56-ға келген актердың жастармен таласқа түсуі, жаман көрсеткіш емес» - дейді британдық ғалымдар. Брэд Питтың құрдасы Джордж Клуни де «көріктілер» бестігінен табылды. Әсіресе, оның беті «алтын қима» теориясы бойынша мінсіз саналады екен.