Джонни Деппты қорғаймыз! Желі қолданушылары актердың экс-сүйіктісі Эмбер Хердке қатысты ашық айқас жариялады. Көптің ызасының туындауына қос ғашықтың ғаламторда тарап кеткен 2015-ші жылғы аудиожазбасы себеп болды. Онда Эмбер ханым актерға ауыр зат лақтырғаны естіледі. Сондай-ақ, сылқым сол сәтте кейде қол көтеріп, өз-өзін ұстай алмайтындығын айтқан. Ал Депп өз кезегінде арумен жанжалдасуға құлықсыз екенін жеткізіп, оны әйелі ретінде көргісі келетінін білдірген.
Еске салсақ, көңіл жарастырған жұлдызды жұп 2015 жылы отау құрған еді. Алайда, аз уақыттан кейін Эмбер сүйіктімнен таяқ жедім деген желеумен, ажырасуға өтініш берген болатын. Зорлық-зомбылық әрекетінің құрбаны атандым деген Хердтың бұл мәлімдемесінен кейін, Депптың мансап жолы өрге баспады. Жаман атақ актерды «Кариб теңізінің қарақшылары» картинасынан шеттетіп, талай туныдыда төбе көрсетуіне кедергі келтірді.
Енді, Джонни Депттың ақ екендігіне көзі жеткен көпшлік Эмбер Хердтың жазаға тартылуын сұрап отыр! «Өтіріктің арты бір тұтам» деген жанкүйерлер, актрисаны «Аквамен» картинасынан алып тастауды өтінуде. Сондай-ақ, желіде Кариб Қарақшысын қолдау мақсатында #JusticeForJohnnyDeep хештегі араналған. Ал Эмберге қатысты ғаламтор қолданушыларының ызасы сәт санап өршуде!