Oxxxymiron қазақ тілінде рэп оқыды! Ресейлік музыкант отандық хип-хоп орындаушылармен онлайн-батлда айтысқан еді.
Осылайша, ресейлік өнерпаз Asylllum лақап атымен танылған алматылық рэперге қазақ тілінде жауап берді. Еске салсақ, Oxxxymiron бұған дейін хип-хоп батлдарда топ жарып, тіпті, АҚШ-та америкалық әріптестерімен сайысқа түскен еді.
Ал боқтық сөздерімен балағаттаған Оксимеронның жолдауын қабыл алған
Асылбек Шанбаев үнсіз қала алмады.
Bonapart, жас әнші:
- Менің ойымша, әртіс егер өзіне ұнаса, егер өз образын солай, адамға көрсетіп отырса, беріп отырса. Міндетті емес, әрбір адам өзі басы бар жаңағы, ол адамның жақсысын немесе, жаманын алады әртістен.
Ал Интроверт үшін, өнерде шектеу жоқ. Ғаламтор арқылы танылған жас музыкант үшін, бастысы – трек тыңдарманның көңілінен шықса жеткілікті.
IntroVert, музыкант:
-Бұл мәдениет, оның шегі жоқ. Хип-хоп әлемі о бастан, өмірдегі бар мәселелерді музыкамен жеткізудің бір тәсілі болды. Сондықтан рэперлер трекке түрлі балағат сөздерді қосса, онда тұрған ешнәрсе жоқ. Олар өмірде қандай, өнерде де сондай болғысы келеді. Ешқандай бетпердесіз.