Эстрадамыздың «жұлдызды жаңғақтарынан» тағы бір бейнебаян! Кешью тобы мен жас рэперлер бірлесе тың туынды ұсынбақ. Аталмыш клип азулы продюсер Баян Алагөзованың кезекті «Я - пышка» картинасының саундтрегі саналады.
Ал Абай Бегей күні кеше кенжесі Мүсілімнің 1 жас тойын дүркірете атап өтті. Дүйім жұрттың алдында тұсауы кесілген атұстарын әнші әріптесі Жазира Байырбековамен бірге жетектеп өтті. Дүбірлі тойда эстрада жұлдыздары қонақ болып, ән шашу етті. Еске сала кетейік, Мүслім Абай мырзаның екінші некесінен туған тұңғышы. Өнерпаздың марқұм жарынан 3 қыз, бір ұлы бар.
Актриса Динара Бақтыбаева болашақ жарын көрсетті. Арудың жүрегін жаулаған серінің есімі - Арман Айтасов. Желіде сүйіктісін туған күнімен құттықтап, ақ тілегін жаудырған актриса болашақ жарымен осыдан 9 жыл бұрын танысқан екен. Олай болса, туған күн арты үлкен тойға ұласады деп үміттенеміз!