Кезекті камбэк! «Ninety one» тобы неліктен су жаңа альбомының тұсауын Корей елінде кеспек?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ninety One» тобының жанкүйерлеріне жағымды жаңалық! Мемберлер камбэкке дайындалып жатыр! Бірақ, бұл жолы кью-поп өкілдері тың туындыларын Оңтүстік Кореяда ұсынбақ. Топ продюсері Ерболат Беделханның айтуынша, жігіттер кезекті альбомды шетелде жазбақ.

Ерболат Беделхан, продюсер:

- Найнти Уанның осы жолғы пландарымыз, біз Кореяда сол жақта біздің партнерларымыз бен осы жылдық камбэк сол жақта болады. Сол жақта бізде альбом жазылады Корея мамандарымен бірге.

Осылайша, Ерболат Беделхан «Ninety One» тобының шығармашылығына жаңа леп әкелгісі келді ме, шетелдік мамандардың көмегіне жүгінуді жөн көріпті. Өнерпаздардың өзі болса, бұл жоспарды жүзеге асыру үшін қызу жұмысқа кіріскен.

«Ninety One» тобы:

- Біз қазір үлкен дайындық үстіндеміз. Алдағы уақытта, Корей еліне барып қалуымыз мүмкін және ол жерлерде бір жұмыстар жүруі мүмкін белгілі бір адамдармен. Қандай адам не жұмыстар оны айтуға болмайды.

Одан бөлек, биыл Ninety One-дық жігіттер жеке әнші ретінде танылмақ.

Ал, соңғы уақытта кино арқылы көзге жиі түскен ACE актерлық қырын ары қарай дамытпақ.

ACE, «Ninety One» тобының мембері:

- Негізі жоспарда нақтысын мен білмеймін қалай болатынын. Бірақ та, егер ұсыныстар түсіп жатса, мен соларды оқып қарап көремін. Бір қандай келе ма келмей ма енді шынайы қарау керек та оны, барлық рөлді алып шайып тастауға болмайды да.

Ninety One «шетелдік фанаттарды да ұмыт қалдырмаймыз», - деп отыр. Жігіттер сәтін салса, әлемдік турнеге аттанбақ. Ол үшін найнти уандықтар сауалнама арқылы қай мемлекетте иглз көбірек екенін алдын-ала анықтап алмақ.

«Ninety One» тобы:

- «My music test» ол жалпы бүкіл әлем бойынша осындай сұраныстар жүргізетін болады. Қай елде көп, белгілі бір сұраныстың сандары бар. Сол санға жеткен бойда біз сол қалаға барамыз. Негізі иә, бүкіл әлемді шарлап қарағымыз келеді.