Мейрамбек Беспаев жұмсақ креслоға жайғасып, билікке кетуді армандап жүргені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Араға қанша жыл салып халық жүрегіндегі ән, жұрттың жадында қайта жаңғырды. Жан бітірген Мейрамбек Беспаев. Көпшілік «Түсіпбаевадан асып орындады» деп баға беріп жатты. Бірақ бұған Меруерт ханым инстаграм парақшасында өз жауабын берді.

Иә, Беспаевқа ән авторы Төлеген Мухаммеджановтың өзі «Менің жеке кешімде орындап көрсең», - деп өтініш айтыпты. Ал қыз-қыз өсек таратып, қос әншіні шағыстыруға тырысатындарға оның өз айтары бар.

Мейрамбек Беспаев, әнші:

– Өйтіп араға от салуға болмайды. Меруерттің нұсқасы ол, жүректе қалған нұсқа. Менің де қазіргі айтылғанымды ұнатып жатқандар бар. Бұл жерде ән ғой. Кім орындаса да, ғасырдан ғасырға кететін ән. Ол біздер кеткеннен кейін тағы жастар айту керек.

Ән әлемінің короліне айналған әншінің орындалмай жүрген арманы да бар болып шықты. Есенқұл Жақыпбектің «Өмір өтті-ау» әніне бейнебаян түсірсем деген ол, ой үстінде жүргенін айтады. Тіпті идеясы дайын екен.

Мейрамбек Беспаев, әнші:

– Иә, ол арманыма әзірге жете алмай жүрмін. Ойым да бар оған, идеялар да бар. Жете алмай жатырмын. Құдай қаласа, бір кезі келер. Режиссер Талғат Теменовке айтқан кезде «гениально» деген бұл идеяны түсіру керек деп.

Өткен айда «орындаушылар қоғамының төрағасы» болып сайланған Мейрамбек Беспаев, жаңа қызметке әлі жайғаса қоймағанын және жағдайдың реттеліп жатқанын тілге тиек етті.

Мейрамбек Беспаев, әнші:

– Жақында ғана өнерпаздар, үлкен өнер адамдары жиналып орындаушылар қоғамы бар бізде, соның төрағасы қып сайлаған. Бірақ енді әлі жоғары жақтан білмеймін ғой мен кімге кедергі жасап жатқанымды әлі өткізбей жатыр. Бірақ заң бойынша өткізу керек. Сол кезде көп нәрсені жөндейміз ғой деп ойлаймын.

Әнші ол ұйымнан осы уақытқа дейін мардымды қаламақы ала алмағанын айтады. Ел болып бірігіп, жұрт болып жұмылатын кездің келгенін де түртіп өтті.

Мейрамбек Беспаев, әнші:

– Алып көрген жоқпыз ақшаны. Біреудің қалтасына кетіп жатыр. Адам түсінбейтін жағдайлар. Біз егерде қазір бірігіп қоғамымызды орнына, аяғына нық тұрғыза алатын болсақ, дұрыс жүйе қалыптастыра алатын болсақ, көптеген шараларға араласып көмектесе алатын жағдайға келер едік. Бәлкім солай болып қалар.