Музыка саласының ең беделді «Billbord» басылымы тыңдалымы жағынан рекорд орнатқан альбомдарды анықтады. Бұл тізімде ағымдағы аптада Эминем көш бастайды.
Хип-хоп орындаушының «Music to Be Murdered By» атымен қаңтар айында жарық көрген жинағы көпке ұнаса керек. Рэпердің бұл үнтаспасын әзірлеуде Juice WRLD, Эд Ширан, Young M.A сынды әріптестері атсалысса, пластинканың продюсерлік тізгінін Dr. Dre-нің өзі қолға алған еді.
Ал Холзидің «Manic» атты альбомын жарыққа шығаруда BTS-тық Шуганың өзі көмектесті! Шығармашылық тандем тыңдарманның көңіліне бірден шыққандай. Аталмыш альбом музыкалы чарттардың көшін бастап, ондағы әндер құлаққаптардан түспей жатыр.
Мак Миллер дүниеден өтсе де, оның шығармашылығы өлмек емес! Кезінде Kendrick Lamar, J. Cole-дың продюсері ретінде танылған хип-хоп орындаушы өмірінің соңғы күндерін «Circles» әнжинағын жазуға арнаған еді. Рэпер көз жұмған соң, оның бұл жұмысын Джон Брайн қолға алып, үнтаспаны тыңдарманға ұсынып отыр.