Памела Андерсонның баянсыз бақыты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Памела Андерсон осыдан екі апта бұрын продюсер Джон Питерспен шаңырақ көтергенін айтып сүйіншілеткен болатын! Бірақ бұл Голливуд тарихындағы ең қысқа некенің бірі болды. Себебі жұлдызды жұп араға 12 күн салып ажырасуға бел байлапты. Сәнбике күні кеше Батыстық БАҚ-қа берген сұқбатында өзінің асығыс шешім қабылдап қойғанын айтқан.

Милла Йовович үшінші рет ана атанды! Жүктілігі кезінде 22 келі қосып алып, пошымы өзгеріп кеткен актриса қызды болғаны жайында жаңалықты өзінің инстаграм парақшасында жазды. Шақалағына «Озиан» деп есім қойған ол, енді мүсінін қалыпқа келтіруді қолға алмақ.

«Victoria’s Secret-тің» бұрынғы қызметкерін, «сәнбикелерге қатыгез қарым-қатынас жасады» деп айыптауда. Маркетинг жөніндегі директор Эд Разек сылқымдарға қол жүгіртіп, олардың ар-намысын таптаған көрінеді. Алисса Миллер, Разектен зәбір көрген топ-модельдердің бірі екен. Оның айтуынша, басшысы ұрып, психологиялық қысым жасаған көрінеді. Эдтың үстінен осы тектес бірнеше арыз түскен. Енді бұл іспен құқық қорғау органдарының қызметкерлері айналысып жатыр.