«НТК» арнасының көрермендері жақын уақытта жаңа жобаға куә болмақ! «Тың туынды көрермендерді тамсандырмай қоймасы анық» дейді, бағдарлама продюсерлері. Әзілдердің миксына құрылған шоуда: ән де, әзіл де, би де бар. Тіпті импровизациялық көріністер де көрерменге жол тартады.
Марат Оралғазин, тележүргізуші:
– Ұ-night шоу бұл Қазақстанда алғаш рет жаңа форматтағы шоу! Енді барлығына танымал стен-дап жанры да бар. Скетчтер де бар, ән де бар. Әзіл де бар, би де бар. Барлығы бар. Барлық әзілдің формаларының миксы былайша айтқанда. Иә, және де екі керемет айдар бар. Менің ойымша, ол әлемде болмаған форматтағы дүниелер. Сондықтан «НТК» арнасының көрермендері жаңа формаларға, жаңа бір әзілдің түрлеріне куә болады деген сенімдеміз!
Тағы бір ерекшелік, бұл шоуда түрлері жұртқа жатталып қалған қыз-жігіттер емес, жобаға жан бітіретін жастар болады екен!
Еркебұлан Мырзабек, тележүргізуші:
– Және де қатысушылар барлық шоуларда қатысып жүрген резиденттер емес. Жаңа түрлер. Орысша айтқанда «новые лица».
Айта кететін жәйт, жоба қатысушылары әзілдерді өздері жазатын болып шықты.
Марат Оралғазин, тележүргізуші:
- Айта кететін нәрсе бұл жерде, көбінесе өздерінің авторлық әзілдері және де сол авторлық әзілдерді өздері орындайтын болады. Жаңаша ерекше форматтағы шоу десек те болады.
Жұртшылыққа сан түрлі бағдарламалар мен телехикаялар арқылы танылған Еркебұлан Мырзабек пен Марат Оралғазиннің «Ұ-night» шоуға қандай қатысы бар?
Марат Оралғазин, тележүргізуіші:
– Айтпақшы бұл шоуда Еркебұлан екеуіміз жоқпыз. Жетекші, креативті продюсер ретінде ғанамыз. Сондықтан бұл жерде біздің бауырларымыз, інілеріміз, қарындастарымыз өнер көрсетеді. Біз болмасақта, бұл шоу сіздерге міндетті түрде ұнайды. Біз сахнада емес, сахнаның сыртындамыз.
Марат Оралғазин, тележүргізуші:
– Құрметті достар, ұ-night шоу сіздерге міндетті түрде ұнайды!