«Районы», «Шестой пост», «Дети моря», «Потерянные»... Тізімді толассыз жалғастыра беруге болады. Бұл Санұржан Сүлейменов түсіп үлгерген фильмдердің жартысы ғана. Отандық кино нарықта 11 жылдан бері жүрген актер, бүгінде алыс-жақын шет елдерді бағындыруда.
Санұржан Сүйлейменов, актер:
– Ресейге жұмыс пен бірнеше проектке байланысты сапар болды. Жарты жыл сол жақта тұрдым. Қазір келдім. Бірнеше күннен кейін қайтадан сол жаққа барамын. Бір проектті бітіру мәселесімен. Сол жарты жылдың ішінде Құдайға шүкір бірнеше проектті бітіріп, қазақ деген атымызды шығарып десек те болады.
«Қазақты танытамын» деп жүрген жалғыз Санұржан емес екен. Азуын айға білеген бірнеше отандық актерлар да шет елде үлкен сұранысқа ие көрінеді.
Санұржан Сүйлейменов, актер:
– Айта кететін жайт, қазақ актерлері Ресейдің площадкасына келгенде «профессионал» деген брендке айналып жатыр. Неше түрлі қазақ актерлері бар Ресейде жұмыс істейтін. Оның ішінде Санжар Мәдиев, Аружан Джазильбекова, арасында Еркебұлан Дайыровтар бар.
«Арманым орындалып жатыр» деп шынын айтамын деген актер, сырын айтып қойды.
Санұржан Сүйлейменов, актер:
– Өмірімде ең үлкен «хюдж» площадкада болып көрдім. Сіздерге бірінші рет айтайын. Ол алдын ала кішігірім секрет болған. «Майор гром» деген киноға түстім.
Ресеймен шектеліп қалғысы келмейтінін айтқан актер, америкалық фильмдерге түсуді мақсат тұтып жүргенге ұқсайды.
Санұржан Сүлейменов, актер:
– Жасым 21-де. Осы 20 мен 30 жастың арасында өте көп нәрсе үлгергім келіп жатыр. Сондықтан көп сөз айтпай-ақ қояйын, Құдай қаласа ісімді бітіргеннен соң, көрермен көреді және бағалайды деген үміттемін.