Әбунасыр Серіковтың ауыр дертке шалдыққаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақ киноиндустриясы қарқынды дамып жатқан заманда, орныңды сақтап қалудан бөлек, өрлеудің өзі ерен еңбекті қажет етеді. Бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие болып, көптеген фильмдердің жұлдызына айналған Әбунасыр Серіков соның айқын дәлелі. Бұл салаға келуді көптен бері армандаған актер бәрі қалай басталғанын баяндап берді.

Әбунасыр Серіков, актер:

– Мен өзім кезінде Алладан тілегем киноға түсем деп. 00:19:17:08 – төрт жылдан бері емделіп, қатты науқастанғаннан кейін мен қазір гастрольге шыға алмаймын. Өзі Алла тағала әкеліп сол науқасты беріп, киноға алып келді-ау деп ойлаймын. «Сен осыны менен тілеп едің ғой» деп.

Кезінде «Нысана» деп театр ашқан Әбунасыр мырза, нысанаға дөп тигізе алмай ұжымды таратып жібергенін жасырмады. Бәріне денсаулығының күрт нашарлауы себеп болыпты. Тіпті оның дерті соңғы түскен фильмінде де сыр берген көрінеді.

Әбунасыр Серіков, актер:

– 4 жылдан бері емделіп жүргеннен кейін маған вообще қиын болды. Себебі аяқ-қолым жылымайды. Бірақ рақметімді айтамын сол жердегі біздің художник, светте жүрген, содан кейін гример қыздарымызға. Сол жердегі жігіттердің бәріне рақмет айтамын. Себебі аяғым ауырып, қақсағанда жата салам. Біреу арқамды мыжып жатыр, біреу табанымды, біреу санымды, біреу балтырымды.

Бірақ актер дендеген дертіне қарамастан, ауруының алдын алу үшін бүгінде тыңғылықты түрде ем қабылдап, денсаулығын жіті күтіп жүргенге ұқсайды. 7 түрлі кесел жанын жесе де, «ештеңеге мойымаймын» дейді Серіков.

Әбунасыр Серіков, актер:

– Мен өзім науқастанғаннан кейін 25 килограмм тастадым. Мен енді енді екі үш килограмм қосып, өз өзіме келе жатырмын. Қазір мен поликлиникаларда тіркеуде тұрамын. Маған дәрісін береді. Дәрісін таңертең ішемін, түсте ішемін, кешке ішемін. Сондықтанда өз өзіме енді енді келе жатырмын.

Әбунасыр Серіковтың өзімен байланысқа шыққанымызда, актер шет елде ем алып, отаға дайындалып жатқанын жеткізді.