Былтыр жыл соңында әлеуметтік желіні шулатып, студияда бейтаныс қыздың шашын жұлған Аишаның қылығы су жаңа бейнебаянның үзіндісі болып шықты. Бүркіт пен асыл жары кезекті «Түф» әндеріне дәл осындай сценарийді таңдап алған.
Бүркіт, әнші:
- Енді шаш жұлған туралы айтатын болсақ, ол енді бейнебаян шықпай тұрып, біз жаңағы шығарып жібергенбіз, шашын жұлып жатқан кезді. Енді Аишаның мінезі негізі ондай емес, ол өте қиын болды оны түсіру.
Сюжет желісінде арнайы шоуға қонақ ретінде келген жұлдызды жұптың құйтұрқы әрекеттері әшкере болады. Мұндай ерек форматта бейнебаян таспалау
Бүркіттің идеясы болса керек. Сері, қазіргі таңда отбасымен бірген Италияға ұзақ уақыт демалысқа аттанған еді.
Бүркіт, әнші:
- Сценарий мен өзім айтып бердім, қалай болатынын. Қандай сұрақтар болуы керек. Қандай сюжет бойынша не істеуіміз керек соның барлығын, самоирония дейді ғой. Сондықтан да бұл жерде аяған жоқпыз ешнәрсені.
Бір апта бұрын жарық көрген бейнебаян тыңдарман арасында қызу талқылануда.
- Енді неше түрлі, қанша адам сонша пікір болады ғой. Бұл жерде енді, ең маңыздысы бізге, бейнебаян қызық болу керек. Қазір енді айтып жатыр ғой, бұл жерде жаңағы однотипный дейді ғой, однотипный бейнебаян болмас үшін. Барлықтарына енді ұнау мүмкін емес.
Дамир Тастембеков режиссерлық еткен тың туынды бүгінде 500 млн-ға жуық қаралым жинап үлгерді.
Бүркіт, әнші:
- Құдай сақтасын, енді өмірде болмай-ақ қойсын ондай сәттер. Барлықтарыңыз аман болыңыздар. Бақытты болыңыздар. Жақсы бейнебаяндарымыз Қазақстанда көбейе берсін. Баршалырымыз сәттілік Италиядан сәлем!