Ақан Сатаев продюсерлық еткен «Каникулы off-line 2» комедиясының тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрсұлтан Есжан, @nursultan_yeszhan, тележүргізуші:

- Интернетсіз қанша уақыт жүре аласыз? Бір күн мүмкін бір апта?! Ұялы телефонымды уақытша қалтама сала тұрайын. Шыны керек жеке басым, бір сағатқа да шыдай алмайтын сияқтымын. Менің мұндай күйімді 1 ай бойы ғаламторсыз жүрген «Каникулы off-line» фильмінің кейіпкерлері жақсы түсінме керек. Бүгін, аталмыш картинаның екінші бөлімі жарық көрмек!

Еске салсақ, лентаның алғашқы бөлімі кассалық табысымен топ жарған еді. Аталмыш комедия, өскелең ұрпақты ана тілінде сөйлеп, ғаламторсыз өмір сүруге шақырады. Сюжет желісі бойынша, қаланың еркетотай балалары ешбір гаджетсіз жазғы демалысын ауылда өткізуі тиіс. Картинаның жалғасы да сол сценарий бойынша өрбиді. Бұл жолы кейіпкерлер қатарына Динара Бақтыбаева қосылды.

Динара Бақтыбаева, актриса:

- Динара, көңіл күйің қалай?

- Күшті бәрі, рахмет!

- Динара, биылғы жыл сен үшін өте жемісті болды. Әділхан Ержановтың бірнеше туындысына, одан бөлек «Каникулы off-line»-ға түстің. Нақтырақ айтатын болсақ, сен осы жылы фильмге іріктеуден кастингтен өтіп келдің ба әлде арнайы шақырту алдың ба «Каникулы off-line» фильміне?

- Кастингке бардым әрине. Иә, пробаға бардым 2 рет.

- Негізінде, көрермендер әдетте бір актрисаны көп фильмнен қатарынан көріп жатса айтады, «осыдан басқа актер жоқ па», «осындан басқа актриса табылмай қалды ма», - деп. Сенің бұған көзқарасың қандай?

- Жоқ, мен өзімді көп фильмдерде бой көрсетіп жатырмын деп айта алмаймын. Себебі, бүгінгі таңда авторлық киноға бет бұрдым. Өкінішке орай, мұндай киноларды біздің көрермен аса көре бермейді.

Динара фильмде Дания есімді медбикенің рөлінде. Лентада актрисаға Бека мен Еламан ессіз ғашық болады. Вайн арқылы танылған Бекзат Елеусізов жуырда ғана «Хайп қуған ата» фильмінде де бой көрсеткен еді.

Бекзат Елеусизов, актер, блогер:

- Фильмнің артынан фильм, тұсаукесердің артынан тұсаукесер. Сен қазір үлкен экрандардан жиі көріп жүрміз. Мұның сыры неде?

- Шынымды айтсам білмедім, орысша айтады ғой «я как Герасов на все согласен» шақырады мен келісемін барамын.

- Сен сонда өзінің образдарыңды қарамайсың ба?

- Қараймын, әрине қараймын.

- Киноөндіріске жолды ашқан осы «Каникулы off-line» фильмі дегенге келісесің ба?

- Иә.

- Қазір көбіне неге мән бересің, вайнға ма әлде киноға ма? Шыныңды айт.

- Киноға деп ойлаймын.

- Саған жақсы табыс алып келіп жатқан, кино әлде вайн?

- Әзірше вайн.

- Табысты алып келетін вайн, киноға мән беріп жүр Бека.

- Өйткені, вайн деген уақытша зат. Кино деген болған, бар и болады да. Артымыздан із қалдырып кету керек қой. Вайн деген қашанғы қалады.

Еламан Есентаев, актер:

- Түсірілім қалай болды?

- Түсірілім өте қызық болды. Арасында әрине қиындықтары да туып жатты.

- Қандай қызықтары, қандай қиындықтары болды?

- Қызықтары кішкентай балалар қалада тұрып үйреніп қалған балалар ауылға келіп өмір сүрулері өте қызық көрінді бізге. Қиындықтары енді өзімізде қалада тұрып, әбден «зона комфорта» дейді ғой үйреніп қалғаннан кейін ауылға барып, жаңағы даладағы дәретхана даладағы душқа түсу деген сияқты.

Шадияр Абдуллаев, актер:

- «Каникулы off-line 2» фильмінің сюжеті ғашықтар жайлы. Енді сенің сол махаббат хикаяң туралы сөйлесейік. Саған, яғни сенен бас тартқан қыздар болды ма? Саған жоқ деген?

- Болды, болды.

- Махаббат үшін қандай жанкештіліктерге бардың өмірде және бара аласың?

- Талай жанкештіліктерге бардық қой.

- Қандай мысалыға есіңе түсірші?

- Мысалыға мектептен, түнде розаларды ұрлап қолым қан қан болып, мен сол розаны богажникке салып, машинаның сол түнде барып, түнгі 3 те бүкіл жолды розамен былай шашып «Жаным далаға шықшы» деп сүйтіп айтқам.

Ерлан Құлмұрзин, актер:

- Сен өмірде қаншалықты сүйіктің үшін жанкештілікке бардың? Барасың ба?

- Әрине барамын. Егер мысалы, өмірде шын сүйген адам үшін жалпы, соңына дейін қолдан келгенше барын салу керек. Өмірде неше түрлі қиыншылықтар болады ғой. Соға қарамастан, шын сүйгеніңе ұмтылу керек. Ақыр соңында қосылу үшін.

Ал махаббат хикаясына толы фильм 26-сы желтоқсаннан бастап үлкен экрандарға жол тартпақ!