Сәтті таңдалған жаңа жылдық образ! Мереке кешінде қалай киінген дұрыс?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, @ais.tv

- Жаңа жыл қарсаңында, корпоративтердің көркі қызатын кезең! Алайда, айтулы кеш алдында арулардың басым бөлігі шараға не киемін деп бас қатыратыны жасырын емес. Сонымен, бұл мерекеге қандай образ таңдаған дұрыс? Жауабын қазір стилист Райхан Қорғанмен бірге анықтаймыз.

- Райхан, маған қандай образдар таңдады екен деп, тағатсыздана күттім.

Райхан Қорған, стилист:

- Сәлем Айсара. Мен сізге 4-5 образ дайындадым. Бәрі әртүрлі, сондықтан көрсетейін.

- Кеттік көрейік.

– Осы аптада НТК-да корпоратив. Қандай маған образ таңдайсыз?

- Жалпы, егер корпоративтің дресс-коды қатал болса, ұзын көйлек. Корпоратив ауқымды түрде ресторанда өтсе, онда әрине көйлек әдемі болуы керек. Оның акксеусарлары да көп болуы да керек. Жарқырап жүруіңіз керек. Сондықтан, мен сізге ұзын көйлек таңдадым. Бірақ бұл көйлектің пайетке тастары өте көп. Сондықтан бұл көйлекке акссесуар керек емес. Қарапайым сырға, қарапайым туфли болса болды.

- Көбісі айтады тышқан жылы сұр актуалды деп.

- Металл түсті. Иә, ол да актуалды. Мына жерде қара пайетка, бұның орнына сұр болса да болады.

- Жылтырағы көп болса, тренд болады демек. Жарайды көрейік.

– Бұл образ маған өте қатты ұнады. Корпоративте ханшайым болатын сияқтымын ғой. Райхан, ал егер қарапайым кешке барар болсам?

- Ол үшін бізге қарапайым көйлек те керек. Бірақ стеклярусы болмағандықтан, бұл көйлек қарапайым деп ойламаңыз. Бұған мысалы, біз акксессуар қоссақ, жақсы болады. Матасы да жылтырлау, Сондықтан әдем аяқкиім, сырға қоссақ бұл көйлек нарядный болып шығады.

- Түсі де өте ашық екен, барып көрейін.

– Бұл образ да маған өте ұнап тұр. Райхан екі образдан қайсысын таңдарымды білмейт тұрмын. Бірақ, егер мен сүйіктіммен бірге жаңа жыл кешіне баратын болсам. Екеуіміз ғана. Қандай образ сол кезде таңда деп кеңес бересіз.

- Онда сізге романтикалық, нәзік образ керек. Сексуалды болуы мүмкін. Сондықтан менің сізге 2 көйлегім бар. Соның біреуін таңдаңыз.

- Жарайды, барып көрейік.

- Бірінші көйлек, мынау қысқа өзі. Бір иығы ашық. Өзі сексуалды, оған қоса стекляруспен тігілген мынау бүкіл көйлек. Өте әдемі әрі қысқа. Сіздің фигураңызға өте әдемі болып отырады. Оған қоса екінші көйлек бар. Түсі қызыл, сіздің цветотипіңізге тура келеді. Италиянка болып шығасыз, Моника Белуччи. Бұның ұзындығы ұзынырақ, миди болып саналады. Бірақ бұл көйлек сіздің фигураңызға тура жабысып тұрады.

- Жарымды енді қызғандырмай, кішкене ұзынырағын таңдайын. Бірақ мына образ да өте әдемі екен, бірінші образға өте қатты ұқсайды копоротивке киген. Сол үшін кішкене ерекшеленіп, мына қызылын таңдайын.

– Райхан, копоративке бардық. Сүйіктіммен кешті өткіздім. Ал 31-і күні туысқандарды қандай образда қарсы алу керек?

- Біріншіден, жаңа жылды үйде өткізсеңіз, сіздің образыңыз ыңғайлы болу керек. Оған қоса, әдемі болу керек. Сондықтан мен сізге мынандай бір образ таңдадым.

- Бұл енді комбинация көйлек деп аталады. Қазіргі кезде трендтте. Оған қоса бұл көйлек өте ығайлы болады да, небрежный, нәзік болып көрінесіз. Оның үстіне мынандай халат киюге болады. Бұл қазіргі кезде пижамный стиль трендтте.

- Енді мұны да барып көрейік, қалай көрінетінін. Осы образбен салат та турасам болады, қонақтарды да күтсем болады?

- Иә. Ығайлы, оған қоса әдемі.

- Барып көрейін.

- Райхан, әр образыңыз жаңа жылға арналған өте ерекше екен. Маған бәрі ұнады. Енді сіздің кеңесіңіз біздің көрерменнің кәдесіне жарайды деп ойлаймын.

- Рахмет сіздерге!