Кайя Гербер мен Пит Дэвидсонның махаббат хикаясы көптің талқысында жүргелі бірнеше айдың жүзі болды. Питтың нашар беделі, Кайяның да атақ-абыройына нұқсан келтіре ме деп алаңдаған жанкүйерлер желіде комикқа түрлі қоқан-лоққылар жасай бастаған. Дэвидсон да өз кезегінде қарап қалмай: «Мен секілді ер азаматтар, сұп-сұлу сылқымдардың басын қатырып жүр ғой. Оларға қарағанда менің тәуір жұмысым бар» деп астарлы қалжыңға толы пост қалдырған.
Кайли Дженнердің 1 жасар қызына жаңа жылға орай зәулім сарай сыйға тартылды. Тосынсыйды берген, Кайлидің өзі не оның ауқатты азаматы емес, Стормидың 64 жастағы әжесі Крис Дженнер «Немерем ең жақсыға лайық» деген жазбамен желіге суреттер жүктеген. Ойыншық үйдің ішінде керектің бәрі бар.
Карди Биды жаһанға жайылған атақ шаршатты. Жұлдыз «тіпті дүкенге шығудан қалдым» деп, шағым айтқан. Хип-хоп орындаушы бір сәтке болсын өзін қарапайым адам ретінде сезіп көргісі келсе керек, қарапайым киінген күйі, боянбастан шоппинг жасауға барған. «Солай шықсам ешкім байқамай қалады» деп ойласа керек. Бірақ Биды бәрі бірден танып, онымен жапа тармағай суретке түсе бастаған. Ашынған Карди ештеңе сатып алмастан дүкеннен жедел шығып кеткен.