Ернар Айдар шетелдік әншілердің қатысуымен жеке ән кешін өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Көптен бері халық көзіне көрінбей кеткен Ернар Айдар жеке концертін дүркірете өткізді! Әдетте Республика Сарайын місе тұтатын өнерпаз бұл жолы Алматы Аренаны бірақ жалдаған.

Ернар Айдар, әнші:

- Жалпы екі жылдан бері, негізі мына ойыммен дайындалып жүрмін да, кейде бірінші жылдары айтпайсың. Өзің ойыңда арман туындайды ғой, арман деген бір, көп айтыла беретін нәрсе емес. Нағыз бір қол жеткізем деген арманыңды анаған мынаған айта бермейсің негізі.

«Құласаң нардан құла» деді ме, Ернар Айдар жеке кешіне қонақ ретінде әдеттегі әрптестерін емес, аты әлемге мәшһүр жұлдыздарды шақырғанды. Бұл кеште Америкадан арнайы келген Oceana, Түркиялық Serdar Ortaç пен көптің сүйіктісі Arash -тың өзі қазақ тілінде ән салды.

Ернар Айдар, әнші:

- Енді достарыммен деп бердім. «Күнім сен сөнбеші». Одан кейін ағаларыммен бердім «Қазақтың жігіттері» деп. Одан кейін ақсақал аталарыммен бердім. Аталарымның батасын алып. Енді маған болатын шығар шетелден шақыруға.

Осылайша Ернар, «Ньюшаны қазақша сөйлеткен Қайраттан қай жерім кем дегендей» сыңай танытты. Ал 3D форматтағы кешті ұйымдастыруға ТМД-ға танымал Андрей Ереминнің өзі Украинадан арнайы ат терлетіп келген еді.

Ернар Айдар, әнші:

- Андрей аташка деймін мен енді. Аташка деп үлкен кісі. Сол режиссермен жұмыс істеу ойда болып жүрген. Міне осындай, туындап жақсы жұмыс істедік.

Жеке кешін ойдағыдай өткізген Ернар енді шетелдік сахнаны бағындыруға ниетті. Қазақтың қара баласы келер жылы Еуропада концерт бермекші.