Дәстүрге айналған әйгілі «Victoria’s Secret» шоуы бұдан-былай болмайды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Victoria’s Secret» шоуы биыл өткізілмейтін болды. Еске салсақ, аруларға арналған іш киім бренді 1995-ші жылдан бастап әр топтамасын ауқымды музыкалы фэшн шара аясында ұсынып келеді.

Аталмыш компанияның мұндай шешімге келуіне соңғы кездері үлгілеріне деген сұраныстың азаюы себеп болған. Одан бөлек, биыл әйгілі брендтың акциялары 28 пайызға төмендеген.

Сән әлеміндегі мұндай өзгерістерге отандық дизайнерлер үнсіз қала алмады. Фэшн мамандардың айтуынша «Victoria’s Secret» тығырықтан шығу үшін, стандарттарынан бас тарту қажет.

Лилия Рах, байер:

- Лилия, биыл «Victoria’s Secret» өз шоуы өткізілмейтін болды. Сіздің пікіріңіз?

- Менің ойымша бүгінгі таңда сұлулықтың шегі жоқ. Мұны Викторияс Сикреттің мамандары да түсінген сияқты. Сондықтан олар көпшілікті таңқалдыру үшін басқа жол іздеп жатыр.

- Олардың айтуынша, бұл шоуға өте көп шығын кетеді. Дәстүрге айналған шоуды ақша үшін өткізбеу дұрыс па?

- Мәселенің барлығы қаражатқа келіп тірелетіні сөзсіз. Дегенмен, уақыт та, тренд те өзгеріп жатыр. Сондықтан жаңашылдыққа бет бұру қажет деп ойлаймын.

Расымен де, кезінде аталмыш бренд «plus size» модельдерді подимуға шығарудан бас тартып, дауға қалған еді.

Леонид Жеребцов, дизайнер:

- Кезінде сәнбикелердің өз стандарттары болған еді. Бүгінгі таңда олар мүлдем басқа. «Victoria’s Secret» мұндайға әлі дайын болмаған сияқты. Дегенмен олардың дәстүрге айналған өз ұстанымдары бар. Сондықтан шоудың болуы шарт деп ойлаймын.

Ал Алексей Чжен 25 жылдан бері өткізіліп келе жатқан фэшн шараның форматын өзгерту қажет деп санайды.

Алексей Чжен, дизайнер:

- Биыл «Victoria’s Secret» өз шоуын көрсетпеді. Сіздің ойыңыз сол туралы?

- Бұл жаһандық дағдарыс деп айтар едім. Қанша дегенмен, бұл бизнес болғандықтан пайда көрмесе, сұранысты арттырудың басқа тәсілін ойлап табу қажет.

Есесіне, биыл «Victoria’s Secret» шоуының орнын сән әлеміне бет бұрған Рианна басты. Әншінің «Savage x Fenty» бренді бүгінде ең сұраныстағы іш киімдер қатарында. Топтаманың көптің ықыласына бөленуіне бірде бір себеп – үлгілердің әр түрлі жастағы және әр түрлі пішімді аруларға арналуы.