Өлеңмен өрілген өмір! «Славян базары 2019» байқауында бас жүлде, Болгариядағы поп-рок орындаушылары арасында өткен «Сарандев 2019-да» бірінші, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде ІІ-ші орынды қанжығасына байлаған Әділхан Макин бүгінде талай додада топ жарып жүр. Өнер академиясының 4-ші курс студенті ән әлеміне кездейсоқ келген.
Әділхан Макин, әнші:
– Менің папам әскери қызметте жұмыс істеген. Сол кездері командировкамен Көкшетау қаласына кетіп қалған. Мамам өзінің әпкелерінің үйінде қонақта болды, Алматыда. 16 жасар баламын. Тентектігіміз бар сәл-сәл. Школдан шығарып жібереді. «Мә, басқа оқитын жерді ізде» деген сияқты.
Құжатын қолтықтаған бозбала жанұясымен ақылдаспай, музыкалық колледжге оқуға тапсырады. Ол жерден де шығып қалып, Астанаға оқуға түседі. Елордада да ұзақ тұрақтай алмай, Оңтүстік астанамыз Алматыға келіп табан тірейді. Жобаларда бақ сынап, продюсер іздеуге кіріседі. Іздегенге сұраған, белгілі әртіс ашқан бойзбендке топ етіп түседі.
Әділхан Макин, әнші:
– Менің бірінші, алғашқы продюсерім – Сиви ханым. Сиви Махмуди. Маған көп-көп нәрсе берді ол кісі. Научила меня очень многому. Что мне помогает выжить в большом мегаполисе.
Бірақ әнші бүгінде жеке жұмыс жасағанды құп көреді екен. Оған шет елдерден ұсыныстар да жиі түсіп жатқанға ұқсайды. Әсіресе Витебсктегі сайыстан кейін «Біздің елде қал» деп қолқалайтындар көбейіпті. «Жүректегі Отанға деген махаббат Қазақстанды тәрк етуге жол бермейді» дейді Әділхан.
Әділхан Макин, әнші:
– Менде бәрі дайын тұрған. Сол жаққа кетіп қалуға ше. Сол жаққа кетіп, сол жақтың адамдарымен жұмыс істеп, сол жақта контракт нетіп. Бірақ еліме оралғаннан кейін, туған жеріме сағынышымды баса алмай жүрдім ба. Кәдімгідей патриотика оянып кетті.
Туған жерге деген махаббаты алдамаған әнші жақында ғана «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының «Эстрада» номинациясы бойынша марапатталды. «Менің бұл сыйлыққа ілігіп кетуімінің өзі ғажайып» дейді Макин.
Әділхан Макин, әнші:
– Мен шынымды айтсам әлі сенбей жүрмін ба білмеймін. 25 жасар бала, студент. Жарайды 25 жастағы бала қазір заслуженный дятель Республики Казахстан болып жатыр. Пользуясь случаем хочу поздравить Димаша с этой победой.
Әділханды, әлемді мойындатып жүрген Димашпен салыстыратындар көп екен. Бірақ әнші бұған еш ренжімейтінін, реті келсе бауыры үшін тек қуанатынын жеткізді. Макин-тегінің бүгінгі бас ауруы мүлде басқа мәселе екен.
Одан бөлек Әділхан келер жылдың басында жаңа бейнебаянының тұсауын кеспек ниетте екен. «Клип мазмұны мен оқиға желісі құпия. Бірақ іш пыстырмайтын дүние болады», - дейді әнші.