Отандық сәнгерлер балаларға арналған топтамаларын таныстырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, @ais.tv

- Санаулы сәттен кейін 9 отандық дизайнер Kazakhstan Fashion Week Junior аясында, өздерінің балаларға арналған тың топтамаларын таныстырмақ! Алайда, аталмыш фэшн жиын бұрынғылардан өзгерек! Себебі, бұл жолы шеберлер тек үлгілерін ұсынып қана қоймай, ауқымды қайырлымдылық жобаның себепкері атанбақ!

«Сән балалардың бақыты үшін» атты бұл шара осымен екінші мәрте ұйымдастырлып отыр. Мақсаты – СПИД дертіне шалдыққан бүлдіршіндерге

қолдау көрсету. Игі іске бағытталғаш фэшн кешке қатысуға ниет білдірген шеберлер көп болған. Соның бірі - «Аруназ» бренді.

Қарпықова, дизайнер:

– Бұл топтама «Кішкентай Ханшайым» топтамасы. Осындай бүлдіршіндерге киім тігу біз үшін үлкен қуаныш. Себебі, біз кішкентай балаларға осындай бақыт сыйлаймыз.

– Бүгінгі шараның мақсаты қайырымдылық. Осындай жобаларға жиі қатысасыз ба?

- Бұл жоба екінші рет болып жатыр ғой. Былтыр біз деген тоже қатыстық. Ол кезде балалардың сұрақтарын бірінші рет көтердік деп айтқан болатынмын, былтыр. Бұл жолы енді көбінесе 10 дизайнер ат салысып, бұл жобаға қатыстып және бізде осында проблема бар екенін көтеріп, аламдарға таныстырып өту менің ойымша дұрыс деп ойлаймын.

– Жаңа байқағаным, кішкентай қызыңызбен жүрсіз.

- Иә, менің қызым Аруназ, 3 жаста. Бірінші рет сахнаға шықты, бірақ сахнаға шығамыз деген ойымыз болмаған. Бірақ осындай көп бүлдіршіндерді көріп, ол да шыққысы келгеннен кейін мен бірінші рет алып шықтым.

Есесіне, Жарқын Баймахановтың аталмыш шарада алғаш рет төбе көрсетуі. Бүлдіршіндерге арнап киім тіккен дизайнер, бұл іске үлкен жауапкершілікпен қараған.

Жарқын Баймаханов, дизайнер:

– Жарқын, бүгінгі топтамаңыз туралы айтып берсеңіз?

- Бұл қайырымдылық мақсаттағы көрсетілім болды. Дизайнер ретінде балаларға арналған алғашқы топтамам. «Муха-цокотуха» ертегісімен шабыттанып, сол тақырыпта үлгілерімді әзірлеп шығардым.

- «Муха-цокотуханы» оқып шықтыңыз ба қайтадан?

- Әрине, қайта оқып шығып, үлгілерімді тіктім.

– Жаңа айтып отырсыз ғой, шара игі мақсатты ұйымдастырлып отыр деп. Осындай қайрымдылық жобаралға жиі қатысып тұрасыз ба?

- Бұл жолы қайырымдылық мақсаттағы көрсетілім болғансоң, бірден қатысамын дедім. Ал, негізі қолдан келгенше өзгелерге көмектесуге әзірмін.

Сондай-ақ, Лария Джакамбаева, Тамара Ламанукева, «Ай ханым» сынды сән үйінің топтамалары таныстырылды. Ал, бұл кеште Алекс Чжен үлгілерін ұсынып қана қоймай, игі шараның басы-қасында жүрді.

Алекс Чжен, дизайнер:

– Алексей, бүгінгі жобаның ұйымдастырушысы сіз екенсіз. Айтып берсеңіз, неге қайырымдылықты таңдадыңыз?

- Kazakhstan Fashion Week әрдайым қайырымдылыққа қатысы бар акцияларды ұйымдастып келеді. СПИд-ке қатысты екінші шарамыз. Бар болғаны, арамызда көмекке зәру жандар да бар екенін ел есіне түсіргіміз келді.

– Дизайнерлер осындай шараға тез келісті ме қатысуға?

- Әрине. Ол жағынан ешқандай қиындық болмады. Одан бөлек, байқасаңыз ана жақта шыршаның жанында ойыншықтар тұр. Оларды СПИД орталыққа апарып бермекпіз.

«Ал, ол қорапшалардың ішінде әдеттегідей тәттілер емес, бүлдіршіндерге расымен керекті дүниелер бар», - дейді дизайнер. Сондай-ақ, фэшн кеш аясында жиналған бар қаражат СПИД-ке шалдыққан балалар еміне жұмсалмақ.