Нью-Йоркте «Cats» картинасының премьерасы өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливуд жұлдыздары Нью-Йорктегі «Cats» картинасының тұсаукесеріне жиналды! Олардың арасында әнші Тейлор Свифт те бар. Фильмде басты рөлді сомдаған ару шараға аса ыждаһаттылықпен әзірленген. Тейлор, құны 18 мың АҚШ долларын құрайтын «Oscar de la Renta» брендінің көйлегімен көзге түсті.

Тейлор Свифт, әнші:

- Мұндай жобаға қатысу үлкен мәртебе. Фильмге дайындық жұмыстарын би залынан бастадық. Мысықтың мінез-құлқын, пластикасын жеткізу ерекше шеберлікті талап етеді.

Кинокештің қызыл кілемінде сондай-ақ, Идрис Эльба, Иен МакКеллен және Джеймс Корден де төбе көрсетті. Актерлардың айтуынша, «Cats» фильмінің түсірілім жұмыстары да есте қаларлықтай өткен.

Идрис Эльба, актер:

- Ең қызығы, алғашында мен фильмнің түсірілімінде арнайы костюм киеміз деп ойладым. Сөйтсем, жоба авторлары бізді компьютердің көмегімен мысықтарға айналдырып жіберіпті. Бұл

қызықты эксперимент болды.

Ерек фэнтезидің сценариіне жыл сайынғы дәстүрлі мысықтар балы негіз болған. Сюжет бойынша, әлемнің әр түкпірінен жиналған жануарлар өздерінің ең үздік екендігін дәлелдемек. Тіпті, жеңіске жету үшін, түрлі күйтұрқы әрекеттерге барады.

Джеймс Корден, тележүргізуші:

- Бұл мюзиклден әр адам өзіне керегін алады. Жануарлардың тілін түсіну қызық. Көрерменге мысықтардың ерекшеліктерін көрсете алдық деп ойлаймын.

Ал отандық көрермен картинаны 2-ші қаңтардан бастап үлкен экрандардан тамашалай алады.