Кайли Дженнерге шабуыл жасаушылар көбеюде!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кайли Дженнер күн санап ауқатты кәсіпкерлердің біріне айналып, алғы көштің шебін бастап келе жатқан бикеш. Даңқ пен дақпыртты қатар алып жүрген оған, қастандық пен шабуыл жасаушылар да жетерлік секілді. Себебі, Кайли күзетшілеріне айына 400 мың АҚШ долларын сарп ететін болып шықты. Security қызметкерлерінің міндетіне сәнбикенің 2 жасар қызы Сторми Вебстерді де қорғау кіреді екен. Бұны естіген Кайлидің жанкүйерлері желіде: «Барып тұрған ақымақтық. Ақшасын қайда жұмсарын білмей жүр ғой» сынды жазбалар қалдырған.

Күні кеше Анджелина Джоли Лондонда өткен «Dear Evan Hansen» қойылымын тамашалауға барды. Кеш бітісімен, Энджиды спектальге қатысқан актердің бірі қуып жетіп, қолтаңба беруін өтінген. Алекс-Томас Смит есімді бозбала сол жерде жедел жейдесін көтеріп, иық тұсына салынған Джолидың суретін көрсетіп, сол жерге қол қойып беруін сұраған. Жанкүйерінің осындай ниеті мен пейілін көрген Джоли, Алексті бетінен сүйіп алған.

Бред Питт 14 жыл бұрынғы махаббаты үшін күреспек пе? Жоқ, актер Джолимен емес, Дженнифер Энистонмен бастан өткізген алапат сезімін қайтаруға ниетті секілді. Себебі экс-ғашықтар желіде бірін-бірі фолловерлер қатарына қосқан. Қала берді қызыл кілем мен түрлі кештерде жиі бас қосатын олар, енді «Алтын глобус 2020» марапатында да бірге жүріп өтпек. Қос жұлдыздың табынушылары «бұл жәйдан жәй емес» деген болжамдар жасауда.