Актриса, әрі продюсер Әсель Сәдуақасова көп ұзамай тұрмысқа шығатыны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы кездері Әсел Сәдуақасованы бомонд бас қосқан кештерден жиі байқай бермейсің. Одан бөлек, актриса журналистерге сұхбат беруді сиретіп жүргені де жасырын емес. Әдетте көк жәшіктің ішінен түспейтін сылқым қазір қайда жүр?

Қазына Әбдіғаппар, тілші:

- Әсел, көргеніме қуаныштымын, көптен бері көрінбей кеттіңіз. Қайда жүрсіз? Естуімізше, шетелде білім алып жүр екенсіз, қаншалықты рас?

Әсел Сәдуақасова, актриса, продюсер:

- Бұл жылды өзіме арнадым. Біраз тынығып, қайта жаңа тыныспен жұмысқа кіріскім келді. Өйткені 5 жыл қатарынан демалыссыз жұмыс істедім. Шетелде оқып жатқан жоқпын. Бірақ жақын арада кететінім анық, әзірге қайда және қашан екені белгісіз болып тұр.

Демалыс жақсы әсер етсе керек, Әсел мамандығын ауыстыруды ұйғарыпты. Өз туындыларының продюсері атанып, тек басты рөлдерді сомдайтын Сәдуақасова енді режиссерлікті де қолға алмақ ниетте.

Әсел Сәдуақасова, актриса, продюсер:

- Келер жылдан бастап өзімді режиссер ретінде сынап көргім келеді. Сондықтан қазір маған түрлі режиссерлермен тәжірибе алмасу, олармен әңгімелесу өте қызық болып тұр.

Қазына Әбдіғаппар, тілші:

- Продюсер Әселден жаңа туынды қашан күтеміз? Қандай жанр? Тағы комедия ма әлде?

- Жоқ, әртүрлі. Комедия жанрында тек бір фильм болуы мүмкін. Қалған жобалар құпия болсын. Өйткені нақты шешілген жоқ.

Актриса, продюсер, «болашақ режиссер» ханымның қызметтер қатарына «сүйікті жар, ана» деген маңызды статусқа қашан ие болатыны көпке қызық. Оның да ауылы алыс емес секілді.

Қазына Әбдіғаппар, тілші:

- Соңғы кезде инстаграмда көріп жүрміз, үйіңізді гүлге толтырып жатқан суреттер бар? Ханзада пайда болды ма? Кім толтырып жатыр ол гүлдердің бәрімен?

Әсел Сәдуақасова, актриса, продюсер:

- Табынушылар. Кейде тіпті жақын достарым сыйлап жатады.

Арудың пәтерінің бос жерін қалдырмай гүлге толтыратын өте жомарт табынушы екені көрініп-ақ тұр.

Әсел Сәдуақасова, актриса, продюсер:

- Жеке өмірімде әлі ешкім пайда болмады, тұрмысқа шығу әзірге жоспарда жоқ. Менің тұрмысқа шығатынымды барлығы білетін болады деп ойлаймын. Бүкіл ел болып мені ұзатады әлі.

Олай болса, Сәдуақасова ханым, көп ұзамай жағымды жаңалығын сүйіншілейді деп үміттенеміз!