Қазақстандық Мадина Батық әлемнің ең көрікті аруы атануы мүмкін!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тәуекел Мүсілім бастаған өнер өкілдері, «Әлем аруына» аттанған Мадина Батықты қолдауға шақырады! Еске салсақ, 22 жастағы Павлодардық сұлу биыл өткен «Қазақстан аруы» байқауында бас жүлдені еншілеген еді. Енді міне, отандасымыз жер шарының «ең көрікті сылқымы» атануы мүмкін.

«Miss World»-қа аттанған Мадинаның миссиясы маңызды. Қарагөзіміз байқау арқылы Қазақстанның көрікті мекендерін күллі әлемге танытып, отандық туризмді дамытпақ ниетте. Ол үшін сылқым, ауқымды командамен бірге еліміздің әсем жерлерін аралап, арнайы бейнеролик таспалаған болатын.

Мадина Батық, «Қазақстан аруы - 2019»:

- Түсірлімнің ең бірінші күні ең қиын болды. Камераны көргеннен бастап өз-өзімнен қысылдым. Режиссердың айтқанын дұрыс түсіне алмадым. Түсіру кезеңін тоқтаусыз өмір деп атасақ болады. Нақтырақ айтсақ Қазақстанның әсем жерлерін араладық.

Қазіргі сәтте, отандасымыздың жеңіске бір қадам болса да, жақындай түсуі жерлестерінің желеп-жебеуіне байланысты. Сондықтан да, «missworld.com» сайтында Мадинаға дауыс беру немесе Missworld Kazakhstan байқауының Facebook парақшасында лайк қою арқылы қолдау көрсете аласыз. Сондай-ақ, «Mobstar» қосымшасын жүктеп алып, Мадина Батыққа тіркелу қажет.

Еске салсақ, «Әлем аруы» байқауы 14-желтоқсан Ұлыбританияның Лондон қаласында өтпек.