Қайрат Нұртастың әулеті қит етсе, түрлі қауесеттер мен еспе сөздің өтінде қалып қоятын отбасылардың бірі. Үрдіске айналған бұл жайт жанұя мүшелерін де шаршатса керек. Тіпті, таспалаған бейнебаяндарын жарыққа шығармай жүр екен. Мәселен, Айдарбековтердің кенжесі Заңғар осыдан біраз уақыт бұрын клип түсірген.
Бірақ сәтсіз шыққандықтан елге жариялаудан бас тартыпты. Гүлзира Айдарбекова сүт кенжесінің қылығын былай түсіндіріп, желіге пост салған:
-«Клиптің түсірілімі ұнамай, жарыққа шығармай қалдырып едім. Кей кездері жұмыстары сәтсіз шығып, ұнамай қалатын кездер де болып тұрады. Зая кеткен еңбектер ғой:pensive: Кішкентай ғана жүрек қой жүрек:heart: “Сахнаға Қайраттың мысығы мен күшігі ғана шықпай қалды” деп мін таға берген соң, намыстанып Қайратпен бармай қалып қойды концерттерден осы турдан. Намысқой өзі. Алла бақ берсін!»
Жүрген жерінде хайп жасағанды жаны сүйетін Ерке Есмахан тағы желіні шулатты. Әнші инстаграмға әйелі жоқ еркекпен сүйісіп тұрған фотосын жүктеген. Сайып келгенде, сурет астындағы жазба әншейін әзіл болып шықты. Ал фотода әнші, әкесінің қолында тұрған кішкентай бөбекті бар-жоғы сүйіп алған. Пікір қалдырушы оқырман серілер сол сәбидің орнында болғысы келетдерін жазыпты.
Мөлдір Әуелбекованың ұлы 3-ке толды! Әнші Салтайдың төл мерекесін дүбірлетіп атап өтуді құп көрмесе керек, тек ет жақындарын ғана шақырып, шағын ортада мерекені атап өткен. Баласының туған күнінін қарапайым ғана тойлаған Мөлдір, кештің суреттерін инстаграм желісіне жүктеген.