Мейіржан Төребаев пен Дана Ессеваның шаңырақ көтеруіне неге ата-аналары қарсы болған?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ағаштағы жаптырақ та жұбымен жаратылған деседі.Жердегі жұмыр басты адамдардың да серігі болары сөзсіз. Мәселен, ерекше жұптарға жататындардың көшін Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева бастап тұр. Әзілкештер отбасының құрылуына қос әулет қарсы болса да, екеуінің махаббаты өзге қиындықтың бәрінен биік тұрған! Нәтижесінде ғашықтар шаңырақ көтерді. Ол кездегі қиындықтарды Мейіржан бүгінде күліп еске алады.

Мейіржан Төребаев, әзілкеш:

-Айттым ғой өзі келді деп. Күткен жоқпыз даже үйде. Қарасақ Дана келді, құдалармен. Амал жоқ алдық енді не істейміз. Әрине қалжың. Ол сұраққа Дана айтса... А то кешке үйге барып таяқ жеп аламын еще. Ұзатылып алды. Ұзату тойы болды Жезқазғанда.

Дана мен Мейіржан секілді көп қиындықты еңсеріп қосылған ғашықтардың тізімін Дәурен мен Ақбота жалғайды. Жарына деген махаббатының ыстықтығы сонша, Айдарқұлов Ақботаны алғаш көрген күнді есінде мәңгіге сақтап алған.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

– 2016-шы жылы көктем айларының бірінде, апрель айында.

Дәурен қылықты жарының қиқарлықтарына көз жұма қарайтын болып шықты. Тіпті көп жағдайда өзі бірінші болып кешірім сұрайды екен.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

– Мүмкіндігінше мен өзім кешірім сұрап, тезірек сол бүкіл жағдайларды тез шешіп, ары қарай бақытты өмір сүруге тырысамын.

«Бақытты өмір сүруге құқылымыз» деп санайтындардың қатарында Халық әртісі Досхан Жолжақсынов та бар. Ол: «Сұлу Сүлейменованы көргенде ақыл мен естен айрылдым. Қарагөз де менен кетәрі болмады. Сөйтіп мен екінші рет бақытты болуға талпынып көрдім» дейді.

- Досхан Жолжақсынов, ҚР Халық әртісі:

Теледидарда кино түсірілетін болып, сол жерде екеуіміз таныстық. Біріншіден Қаракөз мені өзінің әдемі дауысымен, соншалықты бір ізгі әнімен алды. Қадірлі қазақ үшін әулеттің қызы екенін көргеннен кейін, бойындағы жақсы әдет-ғұрпын көргеннен кейін жалпы сөзге деген ұстанымын көргеннен кейін барып... Адам сөйлесе келе ғой.

«Ат кісінескенше, адам сөйлескенше» деген мақалды растап берген бұл үштік, бүгінде ерекше отбасылардың көшін бастап тұр.