Енді «Қапқарашка» емеспін! Нұржан Керменбаев неге танымал лақап атынан бас тартты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жаңашылдыққа бет бұрып «В сердце» әнін жарыққа шығарған Нұржан Керменбаев, бір кездері Халық әртісі Нағима Есқалиеваның, өзіне теліп берген “Қапкарашка” атынан мүлде бас тартып отыр! Бұл – азан шақырып қойған есімімен танылуға да ұмтылыс емес. Тек енді ол сахнада «Қара бала» болып қалғысы келеді. «SuperStar» жобасынан кейін Нұржан «Қапқарашка» болып танылған-ды.

10 жылға жуық дәл осы лақап атпен жүрген әнші, енді оны ауыстыруға бел буыпты.

Нұржан Керменбаев,әнші:

-Мен “Қапқарашкадан” өзім бас тартқан кезеңдерім болды. Константин Коротков деген продюссерім болатын. «Сен қазір «Қапқарашкасың» деді. Ал, 40 жасыңда кім боласың, сол жағын ойландыңба?», - дейді маған.

Бүгінде Нұржан ол продюсермен келісім шартты тоқтатқан. Дегенмен, өз есімінен гөрі «Қара бала» атын әйгілесем деген мақсаты бар.

Нұржан Керменбаев,әнші:

- Әзірше, енді 40-қа дейін мүмкін мен иә 10 жылдың ішінде «Қара бала» деген сөзді жоятын шығармын.

Сонда болашақта Нұржан Керменбаевты халық қалай таниды?

Нұржан Керменбаев,әнші:

-Қара шал, қара шал болып қалуымды мүмкін, дейсің ғой... Димаштың әтірі, Төрештің шәйі. Енді Нұржан Керменбаев та «Қара бала» атын брендке айналдырмақшы. Тіпті, 20-ға жуық бейсболка шығарып, өз өнімдерінің ерекше екеніне сенімді.

Нұржан Керменбаев,әнші:

-Жаңағы Димаштың парфюмі да, Төрештің шәйі да деген сияқты, мен ойлаймын, менің де кепкаларым өзінше ерекше. -Қара бала» дегенді негізі брендке айналдырғым келеді. Бірақ, оған уақыт тапшы. Қаражат табуға болады. Бірақ, уақыт тапшы. «Уақыт керуеніне бөгет жоқ». Десе де болашақта «Қара бала» бренді трендке айналса, еш таңқалмаңыз.