Жұлдызды жұптардың жанұясында қаржы мәселесі қалай шешіледі? Олар «Менің тапқаным, сенің тапқаның?» деп бөлісе ме? Мысалы Мейіржан Түребаевтың отбасында ақшаға байланысты сауалдар оп-оңай орайын табатын болып шықты.
Дана Есеева, блогер:
– Мейіржанның ақшасы общий ақша, менің ақшам ол менің ақшам. Мейіржан: Түсіндіңіз ғой?
Ал Артур Төлеповтың жанұясындағы жағдай мүлде бөлек. Жары мен өзінің тапқанының шетін бұзбай анасының қолына ұстататын актер, кейде әке-шешесінен ақша сұрап қалады екен.
Артур Төлепов, актер:
– Үйге келген қаражатты менен де, әйелім жақтан келген қаражаттың жартысынан көбін анамызға береміз.
Ал анасының «Үйлен!» деген бұйырғына бағынбай жүрген Жахан Отарғалиев отбасында ақшаны түгелімен өзі ұстап, өзі жарататын болып шықты. «Үй салып, перзенттік борышымды өтеп жүрмін» деген Жахан туысқандарының қамын ойлап қалған әртістердің бірі екен.
Жахан Отарғалиев, актер:
– Жалпы негізі ақшаны өзім жаратамын. Бірақ та үйдегілердің міндетті түрде қамын жасап тұрамын. Ол кісілерге 1 ай турасында үй салып бергем. Бүкіл жинағанымды апарып қолдарына бергем. Қандай сома екенін айтпай-ақ қояйын. Бір үй салып алды әйтеуір.
Жұлдызды жұптар, әйглі әртістер ақшаларын сенімді адамның қолына еш ойланбастан ұстатып қояды. Бұл қаражатты өздері жұмсай алмағандықтан емес, бей-берекетсіз жаратылып кетпесін деген оймен жасалып жатқан сақтық шарасындай.