Жеңіс Ысқақованың алғашқы айлығы қанша болған?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әртістердің де 1 айлыққа күні қараған кездер болған. Мәселен, Жеңіс Ысқақова өзі туған өлкенің мәдениет үйінде біршама жыл автоклуб меңгерушісі болып қызмет атқарғанынан көбі бейхабар. «Алғашқы айлығым да аз еді» дейді Ысқақова.

Жеңіс Ысқақова, әнші:

– Менің алғашқы табысым, ауылдағы Қызылордадағы Тереңөзек ауданындағы мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі болып жұмысқа тұрғаннан кейін 40 рубль ма еді, 50 рубль ма еді... Сондай айлық алдым.

Ал Дана Кентай ата-ананың қамын ойлап, ерте жастан еңбекке араласып кеткен. «Алғашқы табысым тойдан түсті» деген Дана, сол кезден бастан өз еңбегінің бағасын қоя біліпті.

Дана Кентай, әнші:

– Алғаш рет өз еңбегіммен сол он алты жасымда колледжда таба бастадым. Кәдімгідей ата-анама көмектесе бастадым. Трио болып, 3 қыз болып кәдімгідей тойға шыға бастаған кезіміз есімде.

Ал бүгінде гонорарының құны 2000 долларды құрайтын Жігер Ауыпбаевтың, кезінде 200 теңгеге тойға шыққанын бірі білсе, бірі бейхабар. Әнші «сол ақшаны қолыма ұстағанда, төбем көкке екі елі жетпей қуанғанмын» дейді.

Жігер Ауыпбаев, әнші:

– Мен өзім әнге кішкентай күннен құмар болғандықтан, ауылдағы тамадаларды жағалап, жаңағы асаба ағаларымызды жағалап сөйтіп жүретінмін. «Өтініш мені тойға шығарыңыз, ән айтқым келеді, әнші болғым келеді» деп. Бірінші тойдан алғаным 200 теңге болатын. Оны алып алып қуанып ше, былай... Үйге нан алып кеп бірінші.

Бүгінде танымалдардың кезінде бума-бума ақша алмағыны мәлім. Кішкентайдан бастаған әртіс қауымы, аяңдап отырып арманын қуып жеткендер.