Батырхан Шүкенов атындағы республикалық конкурс өз жеңімпаздарын анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Батырхан Шүкеновтің үрмелі аспаптарда ойнауды жаны сүйетін. Бала күнінен саксофонға құмартқан өнер иесі, оны насихаттауды міндетім деп білді. Марқұм музыканттың арманын бүгінде туған ағасы Бауыржан Шүкенов жүзеге асыруда.

Бауыржан Шүкенов, «Батырхан Шүкенов» атындағы қордың өкілі:

-Басты мақсатымыз – үрмелі аспаптарда ойнайтын музыканттарды қолдау. Себебі, бұл орындаушыларды көпшілік біле бермейді. Олар өздері де кішкене жасқанады. Сол үшін біз барынша оларды халыққа көрсеткіміз келеді. Талантты өнерпаздар өте көп.

Биыл екінші мәрте өткен «Батырхан Шүкенов атындағы республикалық конкурс» вольтрон, тромбон, труба және басқа да үрмелі аспаптар арасында сайыс өткізді. Үш күнге созылған музыкалық бәйгеге қатысушылар онлайн түрде таңдалып, оның 12-сі финалға шықты.

Байқаудың жүлде қоры – 5 млн теңгені құрайды. Әр аталымнан үш премияны алуы тиіс музыканттарға бірінші орын берілмеді. Бұл шетелдік сыншылардың қатаң талаптары болып отыр. Қазақстан атынан әділқазы мүшесі Жәния Әубәкірованың айтуынша, қатысушылар халықаралық деңгейге жете алмаған.

Жәния Әубәкірова, ҚР Халық әртісі:

-Шетелдік сарапшылардың қатал болғанының себебі бар. Олар өнерпаздардың халықаралық конкурстарға қатысуы үшін біраз дайындықтан өтулері керек деп отыр. Сондықтан болар, бірінші орындар берілмеді.

Сайысқа түскен өнерпаздарға дайындалуға 1 айдан аса уақыт берілген. Джаз жанрынын үшінші премия иегерінің айтуынша, қойылған шарттар біраз қиындық тудырған.

Әлнур Қожанов, саксафоншы:

-32 жастан жоғарыларға болмайтын болды, нотаға қарауға болмайтын шарттар қойылды. Конкурс менің ойымша өте қатты, мықты болғандар да болды. Және де таза и честность болған сияқты.

Шүкенов атындағы сайысты ұйымдастыру дәстүрге айналмақ. Болашақта музыкалық байқау жеңімпаздарға шетелге шығуға тікелей жолдама беретін болады.