Дженнифер Лопеске кинорежиссерлар шешін деп талап қойған!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Кино әлемінде ұзақ уақыт ТОП тізімде тұрақтау қиын. Әсіресе Голливудта» - бұл Дженнифер Лопестің соңғы берген сұқбатынан үзінді. 50-дегі актриса түсірілім алаңында көрген қиындықтары мен қорлықтары жайында ашып айтқан. Джей Лоның сөзінше, кинорежиссерлар кейде өздерінің мүмкіндіктерін асыра сілтеп пайдаланады. Бірде кастингқа келген әншіге «Шешін» деп талап қойыпты. «Бірақ мен нағыз Бронкс қыздарының қандай болатынын көрсеттім! Түсірілімнен бас тартып кетіп қалдым» дейді ол.

«Өмірімнің тас талқанын шығарды!» - бұл Анджелина Джолидың соңғы берген сұқбаты. Актриса Брэд Питт жайлы сұрақ қойылса, ашуға булығатын болған. Оның сөзінше, өмірінде соңғы болып жатқан сәтсіздіктерге Брэд кінәлі. Тілшінің: «тым құрыса дос болып қалмайсыздар ма?» деген сұрағына Энджи «Ешқашан!» деп жауап қайтарған. Сосын түсірілім алаңынан тұрып кетіп қалыпты.

Холли Берри мен Габриэль Обри арасындағы дауға әлі күнге дейін нүкте қойылар емес. 2010-шы жылы ажырасуға өтініш білдірген екеу, жалғыз қыздары - Нала Ариэль Обриды бөлісе алмай әлек. Соңғы өткен сот отырысында Холли адам шошырлық ақпаратпен бөліскен. Экс-күйеуі Габриэль, актрисаның сіңлісімен көңіл жарастырыпты. Сол үшінде Холли ажырасуға өтініш білдірген. Бұл оқиғаның соңы немен бітері белгісіз. Өйткені, сот отырысы тағы кейінге шегерілген.