Сүйіктісімен некесін қидырған Тәуекел Мүслім көптің көзінен жасырынып жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрсұлтан Есжан, тілші:

Күні кеше, Тәуекел сүйіктісімен жасырын түрде некесін қиыдырып, күллі жанкүйерін таңқалтқанды. Алайда актер, жағымды жаңалығын жариялаудың орнына, көптің көзіне көрінбеу үшін барын салуда. Тіпті, Мүсілім журналистерден жасырынып, араласатын ортасынан да алшақтап жүр.

Тәуекел Мүслім, актер:

– Мен қалайтын сұрақты қояйықшы, Тәуекел?

- Жоқ, кино жайында айтамын. Жеке өмірімді – жоқ.

- Ол сурет қайдан жарыққа шығып кетті?

- Білмеймін. Не суретті айтып отырсыздар?

- Куәлікпен бірге түскен сурет мешіттегі. Барғой, фотошоп емес, Тәуекел.

- Мен емес, шатасып отырған шығарсыздар.

- Неге сонша жасырасың, Тәуекел?

- Жасырғанда емес?

- Бірақ ашып айтасың?

- Уақыты келгенде. Бәріне айтамын. Қазір ерте.

Алайда, Мүсілімнің дәл осылай уәде беріп келе жатқанына 2 жылдан асты. Әрдайым, актердың айтары бір.

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Енді, Алла бұйырған күні.

Тәуекел Мүсілім, актер:

-Бұйырған күні бүкіл халық біле жатар.

Қуанышын сүйіншілеудің орнына, жеке өміріне қатысты сұрақ қойғанда, актердың неліктен қысылатыны түсініксіз. Құпиясын сыр сандықтың түбіне тастаған Тәуекелдің бұл қылығы, еріксіз көптің көңіліне күдік келтіретіні анық.

Жарын жасырып қалуға тырысқанымен, есесіне Тәуекелдің қалыңдығына ет жақындары бақыт тілеуде.

Тәуекел уйленді -ау әйтеуір. Бакытты ғұмыр кешіңдер. Бір біріңді кұрметтеп, кешірімді болыңдар!

Ал, мұндай игі тілектер легі, көп ұзамай Тәуекелдің үйлену тойында айтылады деп үміттенеміз!