Жарқ-жұрқ етіп көздің жауын алар «әртіс көйлектерге» қызықпайтын қыз-қырқын кемде-кем шығар. Бір рет кигенін келесі рет үстіне ілмейтін жұлдыздар, ол киімдерді қайда жібереді? Мысалы, Алтынай Жорабаева «қыздарым бойжеткелі бері, өзіме ештеңе ауыспайтын болды» деп отыр.
Алтынай Жолдыбаева, әнші:
– Қазір 2 қызым да өсіп қалды. Менің сырт киімдерімді, спортивкамды сұрамай киіп кете береді. Тек қана аяқкиімдерім келмейді. Ал сырт киімдерім кішкене кеңдеу болып тұрады. Бірақ «модно» дейді. «Әй, анау киімім қайда?» десең, «өткенде мен кигем, біздің шкафта тұр» деп жатады.
Ал Динара Сұлтанның сұлулары әзірге кішкентай. Десе де, әншінің киімін қоймай сұрап алатындардың қарасы көп екен. «Біреуіне көйлектерімді шын көңіліммен сыйласам, біріне ұялғаннан бере саламын» дейді Динараның өзі.
Динара Сұлтан, әнші:
– Өте қатты сұрап «Берші, Құдайым-ау болды осыны кимесем бітті» деген сияқты болса, әрине беремін. Ондай адамдар көп сұрайтын. Ойлаймын ғой енді, бір жағынан қызығып сұрайтын шығар.
Ал, Меруерт Түсіпбаева киім сұрайтындардың өтінішін көзге ілмеуге тырысады. Ешкімге ештеңесін үлестірмейтін әншінің киімдері, соңғы кездері тіпті гардеробына да сыймай қалыпты. «Сатып жіберуге де ұяламын» дейді
Меруерт Түсіпбаева, әнші:
– Осы жақын арада жаңа үйге көшпекшімін. Черновой отделка болған соң, прорабқа айттым: «Анау үйімдегі гардероб кішкентай еді. Мына гардеробты үш адым жасаймыз» деп үш адым аттап-аттап жүрдім. Анау кісі қарап тұрды да: «мынау өзіңізге ма гардероб?» дейді. «Иә десем, «Сонша үлкен гардеробты қайтесіз?» дейді да. Мен киімім сыймайды дедім.
Бірі – танымал әрі ырысты жұлдыздардың киімін ырымдап сұрайтын болса, бірі – асқан қызығушылықтан өтініш білдіреді. Десе де, «өзгенікі біреуге мал болмас» мақалын естен шығармаған жөн.