Әли Оқапов танымалдылыққа дейін арулар арасында сұраныста болмағанын айтады. Сері тіпті, кезінде сезімін білдірген қыздардың жүрегін жаулай алмаған көрінеді.
Әли Оқапов, әнші:
- Жауапсыз махаббат деген басымыздан өтті, бірнеше рет деп айтсам да болады. Олар мені Әли ретінде білетін және де әншіліктен бұрын, жалпы. Мүлдем ол тоғыспайтын, менің әншілік өмірім және жеке өмірім. Сондықтан кейін де болды, дейін де болды.
Ayree да жауапсыз махаббаттың құрбаны болған. Жүрегі жараланған әнші қыз, жұбанышты өнерден іздегенін жасырмайды.
Ayree, әнші:
-Жауапсыз махаббат ол енді мектеп қабырғасында болды, бірақ дегенмен ол қазір мен үшін күлкілі, кішкентай болған. Ол әрине менің жаныма қатты батты, сол жағдай, кстати сол жағдайдан кейін мен өзімнің композиторлық немді қабілетімді аштым.
Данияр Өтеген болса, балалық махаббатын әлі ұмыта алмай жүр. «Ринголық» сері, талай қыздың артынан жүгірем деп әбігерге түскен айтады.
Данияр Өтеген, «Rin’Go» тобының әншісі:
-Менің ең алғашқы жауапсыз махаббатым ол балабақшада болған, өте кішкентай кезіміз бір группада оқитын балалар ол кезде маған Юлия деген қыз ұнайтын еді. Бірақ әрине де қайдағы махаббат ол кезде, енді ол маған ұнайтын қыз болғандықтан ол кезде қасында жүруге тырыстым, бір дәмді тамақтар болса сонымен бөлісуге тырыстым бірақ ол әрине оны байқамады.
Ал Серік Гамза-Заде сыныптас қызға ессіз ғашық болып, жауапсыз махаббаттан зардап шектім дейді. Сөз салған бозбаланың бетін қайтарған бойжеткен, өзге жігітпен көңіл қосқан көрінеді.
Серік Гамза-Заде, әнші:
-Мектеп кездегі өтірік махаббат қой «Тауық махаббат» деп айтады, ондай мектеп кезде болған енді басқа сыныпта Данияр деген бала болатын шашын қайырып алып былай жүретін сол менің қызым соған кетіп қалған, Маржан десең иә.
Десек те, бүгінгі таңда талай жанның арманына айналған жұлдыздар да, біреудің жүрегін жаралап, махаббаттын қабыл алмай жүрген шығар... Өмір алма кезек!