Тыңдарман арасында q-pop өкілі ретінде кеңінен танылған C.C.Tay, тұңғыш рет фанмитинг өткізді. Сүйікті кумирлерімен көрісуге келген жанкүйерлердің қарасы мол. Бұл кездесуде Әйгерімнің кең құшағына «сириустың» бәрі сыйды.
Ал, жанкүйерлердің жиналуына басты себеп – су жаңа альбом.
C.C.Tay, әнші:
- «Түсімде көремін» атты альбом, жеті әннен тұрады. Жарты жылдан көп уақыт кетті. Ақпан айынан бастап осы альбомға дайындықты бастадық. +әндердің көп бөлігінің сөздерін өзім жаздым және де әндердің барлығының атауы «Түсімде көреміннен» басқасының бәрі төрт әріптен тұрады.
Сиситайдың, тыңдармандарына ұсынары бұл ғана емес! Өнер өкілі фанкездесуде жаңа бейнебаянының да тұсауын кесті. Алып-қашпа әңгімелер мен «шиппингтен» шаршаған ару, туындыдағы серімен еш байланысы жоқтығын алдын-ала ескертеді.
C.C.Tay, әнші:
- Клипте болған махаббат ол клипте қалды. Ол менің өміріме ешқандай қатысы жоқ. Яғни, ол тек қана қиялым, ойдан шығарылған сюжет. Ойдан шығарылған мазмұн.
Алайда, ел назарына бейнебаян ұсынған q-pop өкілі өз жұмысына көңілі толмайтындығын айтып қалды. Тіпті, өнерпаз өзге шетелдік әртістердің еңбегін көшіріп жүргенін жасырмайды.
C.C.Tay, әнші:
- Бір ерекшелік көрмеймін. Өйткені білмеймін, барлығы бір-біріне ұқсап кеткен сияқты. Әрине ол еліктеудің арқасында болған дүниелер ғой. Еліктеудің арқасында өз өзіңді табасың дейді ғой.
«Десе де, көш жүре түзелер. Болашақта тың туындылармен талай қуантамын» дейді Сиситай. Одан бөлек, арудың болашаққа құрған жоспарлары жетерлік. Оның барлығы әзірге уақыт еншісінде.