Paris Fashion Week жалғасуда! Сән сахнасына көтерілген модельдер мен коллекция таныстырылымынан бұрын, көпшілікті Камилла Кобельоның төбе көрсеткені шаттандырды. Сылқымның өзі де жұртпен тілдесіп, естелікке суретке түсуден қашқақтамады. «Көппен көрген ұлы той деп» мыңдаған жанкүйерлерінің ортасына сіңісіп кетуге тырысты. «Valentino» көрсетілімінде Камиладан өзге, Наоми Кемпбелл мейман болды. Ал, коллекцияны Кая Гербер мен Виттория Череттилер таныстырды. Пьерпаоло Пиччоли апталықтың басты «джунгли» тақырыбын жалғастырғандай. Ну орман мен оның тұрғындары бейнеленген принттерден бөлек, түстердің әр алуандығын байқауға болады. «L'Oréal Paris Show»-ын жұлдыз жауған сәт дерсің! Айшвария Рай street style фотографтардың көз қуанышына айналса, сән сахнасына Светлана Ходченкова, Эмбер Херд, Ева Лонгория, Хелен Миррен, Эльза Патакилер көтерілді. Эмбер Херд – актриса
-Біздің қолымыздан келді. Кеудемді мақтаныш кернейді.
Даутцен Крез қос образды таныстырды. Айшвария Рай мен Камила Кабельолар подиумның ең қалаулы жұлдыздары.
Камила Кабельо – әнші
- Сенесіз бе, подиумға шығу өз-өзіңе деген сенімділікті арттырады екен. Қорқыныш дегенді мүлде ұмытасың! Құдды қалықтап, билеп кеткің келеді. Ал, Ева Лонгория ұлын көтеріп, шыққанда жүректері елжіремеген жан қалмаған болар.
Ева Лонгория – актриса
Ана болғалы өмірім қызыққа толы! Бүгін де, ұлым подиумға өзі шығып, мені көтер деп жылап тұр. Қарамай кетіп қала алмаймын ғой. Көтеріп, жұбатуға тура келді.