Арман Қонырбаевтың отбасында ғана емес, шығармашылығында да қуанышты жаңалық. «Mysterions» тобының әншісі енді продюсер. Анико есімді жас өнерпазды қарамағына алған сері, өзге қырынан танылмақ.
- Арман Қоңырбаев, «Mysterions» тобының әншісі:
- Енді өнерде 10 жыл тәжірбием бар ғой. Сол енді тәжірбиеммен бөліскім келіп жүрген еді. Как раз осы Аникомен танысып содан бірге жұмыс істеуге сондай шешім қабылдадық. Жақсы тандем болады деп ойлаймын.
Анико – бүгінде өзінің кішігірім аудиториясын жинап үлгерген кью-поп әнші. Осыдан төрт ай бұрын ресми түрде дебют алған өнерпаз небәрі 17 жаста. Қонырбаев Аниконың музыкалық бағытын өзгертсем деп отыр.
Арман Қоңырбаев, «Mysterions» тобының әншісі:
- Мен өзім қарсы емеспін кью-попқа. Анико жаңағы өзінің талантына сай ол бір бағытта ғана емес жұмыс істегенді менің ойымша, Анико бүкіл Қазақстанға, бүкіл елге танымал әнші болу үшін, ол барлық бағыттарда жұмыс істеу керек. Ең бастысы поп музыка.
Музыкалық продюсер ретінде де жұмыс істеймін деген Арман, жас өнерпаздың стиліне еркіндік бермек. Дегенмен, олар ұзақ уақыттық келісімшарт жасасуға әлі де жүрексініп отыр.Әуелі істі бастап көрсек деген ниетте.
Арман Қоңырбаев, «Mysterions» тобының әншісі:
- Әзірше бір жылға отырдық. Өйткені бір жылға деген біздің планымыз бар жұмыс жасауға. Бір жыл көбісі аз деп ойлауы мүмкін. Бірақ бір жылдың ішінде көп нәрсе жасауға болады.
Арман тіпті Аниконың шығармашылығына шындап кіріскен. Оған жақын арада жарық көретін Аниконың екінші бейнебаяны дәлел болмақ.
AniKo, жас әнші:
-Жақында, екінші бейнебаянымыз, алдағы айдың ортасына қарай тұсаукесері болады. Ол Парвиз Назаровпен фит болған болатын. Оны көп айтсам қызық болмай қалады.