Канн кинофестивалінің жүлдегері Самал Еслямова Алматыға келді! Әрдайым түрлі түсірілім мен шетелдік кино додалардан қолы босамайтын актрисаның, Қазақстанға келуіне себеп бар. Өнер иесіне Almaty Film Festival-да қазылық ету жауапкершілігі міндеттелген болатын.
Айсара Бисенова, тілші:
- Самал, тұңғыш рет отандық кинофестивальде қазылық еткеніңізді білеміз. Қиын болды ма?
Самал Еслямова – актриса
– Енді, басты конкурста тұңғыш рет. Бірақ бұған дейін қысқаметрлік кинофестиваль «Евразияда» сонда болғам. Ал, енді басты основной конкурс дейді ғой, сонда бірінші рет. Өте керемет. Қазылар алқасы, бәрі жақсы болды.
-Қазіргі кезде отандық киноның деңгейі қандай деп ойлайсыз? – Жақсы деп ойлаймын, жақсы. Қазір керемет болып танылып келе жатыр. Қай мемлекетте болсам да, маған айтады «Ооо, Қазақстан, Қазақстанның кинолары жақсы» деп.
– Канн марапатын еншілегеннен кейін көптің назары сізде болды. Тіпті, киноға түсуге талай ұсыныстар түскен болар?
– Енді мен өте көп проект алғым келмейді. Уақыт болуы керек, дайындалу деген сияқты. Бір проекттен екінші проектке өтіп кету өзім үшін жақын емес.
– Сіз киноға түсер алдыңызда талаптарыңыз бар ма, киноға қоятын, кино қандай болуы керек?
– Жақсы болуы керек, сапалы. Және режиссер өзі шын ниетімен түсіргісі келу керек.
- Осыдан бір жыл бұлын Қазақстан мен Жапон елдері бірлесе таспалап жатқан «Конокрады» картинасында төбе көрсеткен болатынсыз. Аталмыш лентаның тағдыры не болды. – Енді ол, Пусан кинофестивалінде ашылуы болады, ол основной конкурста. Фестивальдің ашылуында көрсетілетін болады.
- Сіз кезінде Жанар Дугаловамен бірге ГИТИС-та бірге оқып, тіпті бір жатақханада тұрғаныңыз рас па?
– Рас, иә. Ол үшінші курста болатын, мен бірінші курста түскен кезде. Содан кейін, маған айтты осында бір қыз бар деді, эстрадный факультетте Қазақстаннан деп, осы комнатада тұрады деп. Сосын мен Қазақстанды қатты сағынатынмын, ол кезде әрқашан Қазқастанды сағынам. Сол кезде комнатасына бардым, таныстық, Жанар екен, өте керемет достастық, әлі күнге дейін сәлеміміз дұрыс. Одан кейін Элеанора болды, ол балетмейстрский факультетте оқыды, сол үшеуіміз жақсы, Қазақстанды сағынатынбыз, бауырсақ пісіретінбіз.
– Ал, болашақ жоспарларыңыз туралы айтсақ. Көрерменді не күтеді.
– Көп түскен кинолар бар, солардың барлығы шығатын болады.
– Мүмкін Сергей Дворцевой кезекті кинолентасына шақырту жасаған болар?
– Жоқ, ол кісі сценарий жазып жатыр әлі біріншіден, екіншіден бола бермейді ғой рөл. Мүмкін шақырту жасаса, әрине. Ұзақ болса да ол кісінің жұмысы сапалы.
– Самал уақытыңыздың тығыздығына қарамастан, «Ревю» көрермендеріне уақыт бөліп, сұхбат бергеніңіз үшін рахмет.